Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдары

  Әже сандығынан көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар да табылады. Қазақ әйелдері әшекей бұйым дарын үнемі та ғып жүрген. Олар тек сән беріп қоймай, бәле-жаладан сақтайды деп сенген.
  Қазақ зергерлері сәндік бұйымдарын жасаудың тәсілдерін жетік меңгерген: күмісті өңдеген, түрлі ою-өрнек салған; алтын мен мысты жұқартып, күмістің бетіне өрнектер шекіген. Металл түйіршіктерін жапсырып, асыл тастармен әшекейлеген. 
Арнайы құралдармен өте нәзік ою-өрнек үлгілерін бедерлеген. Осылайша әшекей бұйым дары нақышына келтіріп өрнектелген. Бағалы та стар ды геометр иялық, зооморфтық және өсімдік тектес әсем өрнектермен әшекейлеген.
  Әшекейлі, өрнекті бұйымдардың бірі – көйлектің омырауына салаты н өңіржиек және алтын, күмістен жасалған әйелдердің білекке салатын сәнді бұйымы – білезік.

  2004 жылдан бері елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Оның басты бағыттарының бірі – ұлттық мәдени мұраны насихаттау. Сен де осы бағдарламаға үлесіңді қоса аласың ба? Еліміздің мәдени мұрасы туралы не білесің?

Шолпы мен шашбау – бұрым сәнін келтіретін, алтыннан, күмістен жасалатын бұйым. Бұл күміс бұйымдардың сыңғыры қыздың жүрісімен тербеліп, ерекше үн шығарады.

Ал тұмарды тылсым құдіреті бар деген ұғыммен кішкене бүлдіршіндерге таққан.

  Қазақ халқы үшін металдардың ішінде күмістің алатын орны ерекше. Бала ны туғанына қырық. күн толған соң, ыдысқа қасықтап су құйып және күміс сақина, білезік, тиындар салып шомылдырады. Ол «Баланың болашағы күмістей таза болсын» дегенді білдіреді.
  Айттырыл ған қыздың құла ғына күміс сырға салған. Оны көргендер қыздың жақын күндері тұрмыс құратынын түсінген. Сырғаларды ақық, маржан сияқты асыл тастармен әшекейлеген.

×
×

Cart