НАТЮРМОРТТЫ АРАЛАС ТӘСІЛМЕН САЛАМЫЗ

  Бұл натюрмортты жасау арқылы композиция, түс және сурет туралы білетіндеріңді жинақтайсың. Нат юрм орт пен оның ерекшеліктері туралы білетініңді есіңе түсір. Бұл натюрмортта қызықты мамандық туралы айтып бересің. Таңдауды өзің жаса.

  Саған түрлі түсті қалың қағаз, жасанды және табиғи материалдар, қайшы, қара флома стер, желім, түсті қағаз (А4 өлшемді) керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. Натюрмортта қандай мамандық түрін көрсететініңді, қандай заттарды бейнелейтініңді шешіп ал .

  2. Композицияның пішімі мен өлшемін анықта : ол тік, көлденең не шаршы пішінді болады.

  3. Натюрморттың композициясын ойлан.
  4. Натюрморттың түс үйлесімін ойластыр.
  5. Егер сен симметриялы сурет салғың келсе, оны қалай жасағаныңды есіңе түсір. Өзіңе қажет пішіндерді қиып ал.

  6. Түсті қағаздың теріс жағына симметриялы қалып үлгілерді қойып, оны қиып ал .

  7. Қиып ал ған пішіндерге заттар көлемді көрінетіндей етіп сызықтар мен штрихтарды салып шық.
  8. Пішіндерден композиция құрастыр.

  9. Енді композияға мұқият қара, егер бәрі көңіліңнен шықса, бөліктерді қағазға желімде. Ал дыңғы және артқы қатардағы заттардың орналасуына назар аудар . Алдыңғы қатардағы заттар артқы қатар дағыларды көлегейлеп тұратынын есіңнен шығарма .

1. Бұл натюрморттар қандай мамандықтарға тән?
2. Оны қалай білдің?
3. Мұғалім мамандығына қандай заттарды таңдап алар едің?

×
×

Cart