ӘРТҮРЛІ ЖАНРДАҒЫ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ

  Табиғат құбылыстарын тек пейзаж жанрында ғана бейнелемейміз. Сен әртүрлі жанрларды білесің. Өзің білетін жанр түрлерін есіңе түсіріп, оларды ата. Табиғат құбылыстарын тағы қандай жанрда бейнелеуге болаты нын ойлан.

1. Мына табиғат құбылысы қалай аталады? 
2. Ол қандай мезгілге тән? 
3. Ол аспанда қандай табиғат құбылысынан кейін пайда болады? 
4. Сен оны көрдің бе?
5. Бұл туындыны қай жанрға жатқызасың?

А. Крымов. Көктемгі жаңбырдан соң

1. Париждік арулар қолшатырларын не үшін ұстап алған?
2. Картинаның түс үйлесімі қандай?
3. Ол қай жанрға жатады? Толық жауап бер.

О. Ренуар. Қолшатырлар

  1. Жапон суретшісі Охара Косон қандай әсерлегіш құралдармен жұмыс істегеніне қарашы. Оларды атап шық.
  2. Ол қандай табиғат құбылысын бейнелеген?
  3. Бұл туындыны қай жанрға жатқызуға болады?

О. Косон. Құстар

  Сен табиғат құбылыстарын әртүрлі жолмен бейнелеуге болатынына көз жеткізген боларсың? Мысалы, Қ. Қожықовтың «Егін орағы» картинасында күзгі егін жинау кезіндегі табиғат құбылысын көрсетеді. Туындыға мұқият қара. Картинадағы адам не істеп жатыр? Суретші екі жанрды қалай біріктірген?

Қ. Қожықов. Егін орағы

  Суретші М. Сарьянның картинасы «Қазан айындағы Ереван» деп аталады. Оны Қ.Қожықовтың еңбегімен салыстыр. Мұқият қара, бұл туындыда да екі бірдей жанр «жасырынып» тұр. Оларды тап. Екі картина да бір табиғат құбылысын көрсетеді деп айтуға бола ма? Қай картина қызығырақ көрінеді? Жауабыңды түсіндір.

М. Сарьян. Қазан айындағы Ереван

×
×

Cart