ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАУІП ТӨНУДЕ!

1. Қоршаған орта дегеніміз не екенін есіңе түсір.
2. Бұл ұғымға не кіретінін айтып бер.

  Қазіргі заманда көп нәрсе өзгерді. Ертеректе адамдар жаяу жүрсе, енді отынмен жүретін автокөлік, пойыз, ұшақ, кемені пайдаланады. Отын ауа мен суды, жерді ластайды. Адам лас ауаны жұтып, кір суды ішеді. Жеміс-жидектер мен көгөністерді тек отын қалдықтарынан ғана емес, сондай-ақ тыңайтқышы бар жерлерге де өсіреді. Техниканың қарқынды дамуы мен пайдалы қазбаларды тұтыну да табиғаттың ластануына әсер етеді.
  Алайда мұндай жағдайды жақсарту үшін талай жұмыс ат қарылып келеді. Қазір заманауи технологиялар пайда болып, экологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылуда.

  1. Біздің жерімізге тағы қандай экологиялық қауіп төніп тұр?
  2. Сен дүниетану сабағынан қоршаған ортаға төнген қауіп түрлері туралы не оқыдың?
  3. Қоршаған ортаға қауіп төндіретін белгілерді көріп тұрсың. Оларды тауып көр.

  Өткен жылы «Жақсыдан үйрен, жама ннан жирен» бүктемелі кітабын қалай жасағаныңды есіңе түсір. Сен
ол кітапты қоршаған ортаға төніп тұрған қауіптер мен табиғатты қорғау мысалдарымен толықтыра аласың немесе өзің жаңа кітап жаса.

Саған түсті және қара фломастерлер, сурет салатын ақ қағаз, өткен жылы жасаған бүктемелі кітап немесе түсті қалың қағаз, қайшы, желім керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

1. Өлшемі 10х10 см қағаз парақтарын дайында. Оған сурет саласың.
2. Қоршаған ортаға дұрыс және дұрыс емес қарым – қатынасты көрсететін суреттер ойлап тап. Нақты суреттерін емес, белгі-нышан түрінде көрсетуіңе болады.
3. Суреттерді кезектестіре отырып желімде.
4. Төменге немесе теріс жағына суретасты сөздерін жазып, өзіңнің қоршаған ортаға деген көзқарасыңды білдір.

×
×

Cart