Халықаралық Қызыл кітап

  Биолог ғалымдар мен экологтар адамдардың ойланбай істеген әрекеттері мен экологиялы қ жағдайдың бұзылуынан тек адамдардың өзі емес, жануарлар да зардап шегетінін айтады. Соңғы 500 жылда жер бетінен жануарлардың 844, өсімдіктердің 1000-ға жуығы жойылып кеткен. Оларды құтқару үшін ғалымдар Халықаралық Қызыл кітапты құрды. Оны 1963 жылы Табиғатты қорғау дүниежүзілік одағы ұйымдастырды. Кітапты адамдардың назарын осы бір маңызды мәселеге аударып, қоршаған ортаны ластауды тоқтату мақсатында осылай атады. Қызыл түс жануарлар мен өсімдіктердің көмекке зәру екенін білдіреді.

  1. Сен Қызыл кітап туралы не білесің? Оның парақтары неліктен түрлі түсті? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ғаламтордан және басқа да дереккөздерден қосымша мәліметтерді тауып, достарыңмен бөліс.
  2. Табиғатты қорғауға әртүрлі қоғамдық ұйымдар атсалысты. Солардың ішіндегі ең ірі ұйым – Greenpeace (Жасыл әлем). Осы ұйымның қызметі туралы мәліметтерді тауып оқы.

  Әрбір адам қоршаған ортаны қорғау өзінен бастау алатынын түсінуі тиіс. Құстың ұясын бұзба, құстарға жемсалғыш жаса, жануарларға қамқор бол, ағаш отырғыз, орманда от жақпа, табиғатқа шыққанда қоқыс тастама. Ол сенің қолыңнан келеді. Сонымен қатар бояу, қылқаламмен де қоршаған ортаға деген қарым -қатынасыңды білдіріп, суреттерің мен плакаттарың арқылы адамдарды табиғатты аялап, қорғауға шақыра аласың. Бұл да орасан зор еңбек.

×
×

Cart