«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНА ПЛАКАТ ЖАСАЙМЫЗ

  Саған плакат жасауға А2 және А1 пішімді ақ немесе түсті қағаз парағы, гуашь бояуы, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, фотосуреттер, ескі журналдағы репродукциялар, өзің жасаған қандай да бір заттың баспа-таңбасы керек.

  Қандай плакат жасайтыныңды ойлан. Плакатта нені көрсеткің келеді? Нені қорғайсың? Адамдарды неден сақтандырғың келеді?
  
Плакатқа нені салатыныңды шеш. Ол жануарлар мен өсімдіктер, жер беті, зауыттағы түтін шыққан құбырлар, мәшине және т.б. болуы мүмкін. Плакатыңды қандай тәсілмен жасайсың?

  Саған А1 немесе А2 пішімді ақ және түрлі түсті қағаз, гуашь бояулары, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім керек. Сондай-ақ фотосуреттерді, ескі журналдардағы картиналардың репродукцияларын, өзің жасаған бұйымдарды пайдалана аласың. Ештеңеден жасқанба, сен оны жасай аласың.

    Плакаттың бояу түсіне мән бер. Реңсіз түстермен жұмыс істеген дұрыс екенін есіңнен шығарма.Алдымен түсті қағаздан шеңбер қиып алып, оған жер шарының суретін желімдейсің. Одан соң айналасына ала қанның таңбасын түсіресің. Сонда ағашты да, сары түсті қолдансаң, күнді де жасайсың. Түсті шеңберді қалы ң қағазға жапсырып, ағаштың діңін желімде. Сурет дайын!

  Плакаттағы мәтін қысқа әрі көркем болуы керек. Әріп таңбаларына да зейін қой. Мәтінді суретпен үйлестіру жолдарын ойлан. Олар бір-біріне кедергі жасамауы тиіс.

  Плакатты жасап болған соң, мектепте экологиялық плакаттардың байқауын өткізе аласыңдар . Өзің тұратын жердің экологиялық мәселелерін, оны қорғау үшін не істей алатындарыңды әңгімелеңдер.

×
×

Cart