КОМПОЗИЦИЯДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

  Сурет салатын қағаз парағын үйшікпен, сондай-ақ тара зым ен салы стыр уға бола ды. Тара зының екі басындағы салмақ тең болған жағдайда ол тепе-тең қалпын сақтайды. Осыдан «тепе-тең» сөзі шығады. Сурет салып жатқанда суретіңе қарап қой. Егер сен суретіңді қағаз парағының бір бөлігіне орналастырып, екінші бөлігін бос қалдырсаң, онда сурет орнықсыз болып көрінеді.

  Мына әткеншектердегі тепе-теңдікке қара. Сенің суретіңдегі тепе-теңдікте дәл осылай бұзылуы мүмкін.

  Бұл суретт ердегі тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін не істеу керек? Суреттерді қалай тепе-тең қалыпқа келтіреміз? 

  Алайда сурет нағыз таразы емес. Кәдімгі таразыда сусиырды тепе-тең қалыпқа келтіру үшін осындай сусиыр немесе соның салмағына тең басқа зат керек. Құсты да өзіндей құс немесе соған тең салмақ теңестіре алады.

  Суретте кіп-кішкентай құс та зілдей сусиырды тепе-тең  қалыпқа түсіре алады екен!

  Мұны композиция құрастырғанда ескеру керек. Алайда тепе-тең композиция тұтас, яғни бірнеше бөлікке бөлініп қалмауы тиіс. Қарашы, 1-сурет тепе-тең қалыпта көрінеді, кішкентай құс үлкен сусиырды тепе-тең қалыпқа түсірді. Бірақ суретте тұтастық жоқ, ол екі бөлікке бөлініп тұр. Ал 2-суретте әткеншектің сызығы екеуін біріктіріп, сурет біртұтас көрінеді.

  Сурет бөліктерін әртүрлі тәсілмен біріктіруге болады. 3-суретке назар аударшы. Суретші әткеншекті алып тастап, табиғат көрінісін бейнеледі. Ол құсты оң жаққа қаратқаннан кейін, сурет қызығырақ көрінді. Сен де өз нұсқаңды ойлап тап.

×
×

Cart