Композицияны теңестіреміз

  Салған суретіңдегі заттар тепе-тең орналаспады делік. Мысалы , ғарыш пейзажында таулар қағаздың жоғары бұрышына салыныпты, ал қағаздың жартысы бірінші суреттегідей бос қалды. Екінші суретте таулар қағаздың төменгі бөлігіне салынып, жоғарыда бос орын көп. Суретіңді жыртуға немесе өшіруге асықпа. Керісінше суретіңді басқа заттармен толықтырып, тепе-теңсіздікті түзетуге болады. Ойыңдағы сурет сәл өзгеруі мүмкін, бірақ жасаған композицияң қызығырақ көрінеді.

  Мына композицияларда суретшінің қалай түзету енгізгеніне
қарашы. Оқулықта көрсетілген тепе-теңдіксіз композицияларға өз нұсқаларыңды ойла п та п.

  1. 110-беттің төменгі бөлігінде орналасқан суреттерде неліктен тепе-теңдік сақталмағанын түсіндір.
  2. 111-беттегі композицияларды тепе-тең деп айтуға бола ма? Суретшінің шешімін түсіндір.
  3. Ол екі композиция тепе-тең әрі тұтас болу үшін не істеген?
  4. Сен қандай жол табар едің?

  Тепе-теңдіксіз композиция сал. Оған мұқият қарап шығып, өзің бағалап, досыңа көрсет. Досыңнан композицияға өзгеріс енгізгісі келмей ме екенін сұра. Оның жауабынан кейін композициямен қайта жұмыс істе, оны теңестір. Композицияңа тағы бір рет қарап, досыңа көрсет. Толықтырылған композиция сәттірек шықты деп ойлай ма екен? Сұрап көріп, қорытынды жаса.

×
×

Cart