«ҒАРЫШҚА САЯХАТ» КОМПОЗИЦИЯСЫН ЖАСАЙМЫЗ

  Сен ғарышта болмадың, бірақ ғарыш туралы кітап оқып, фильм көрген боларсың? Ол саған ғарыш композициясын жасауға көмектеседі. Жасаған жұмысың ерекше көрінуі үшін оны қызықты тәсілмен орындаған дұрыс. 
  Ғарыш тақырыбына граттаж тәсілі лайық болуы мүмкін. Бұл тәсілдің жасыры нып жат қан беймәлім тұстары көп. Өйткені композицияң қалай шығатынын алдын ала біліп болмайсың. Бірақ нағыз суретші шығарма шылықтағы тосын дүниелерден қорықпайды.

  Саған қара гуашь бояуы, сұйық сабын, акварель бояуы, акварель бояуын жағатын қылқалам, гуашь бояуын жағатын басы жалпақ қылқалам, парафиннің бір кесегі, суретті тырнайтын ұшы үшкір құрал (біз, кішкене пышақ), қалың ақ қағаз парағы керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. Нені бейнелейтініңді шешіп ал. Ол өзге ғаламшардағы пейзаж, ғарыштан қарағандағы біздің ғаламшарымыздың көрінісі, ғарышкерлердің ғарышқа ұшу сәті, өзге планеталықтармен кездесу кезі болуы мүмкін.
  2. Өлшемі мен пішімін анықтап, композицияны ойластыр.
  3. Композицияны қандай түстермен жасайтыныңды шеш. Ол суық және жылы түсті жақын түс үйлесімі, қарама -қарсы, қанық және қанық емес түстер болуы мүмкін.

  4. Қалың қағаз парағын ал. Акварель бояуына суды көбірек қоса отырып, палитра да керек түстерді шығарып ал. Қағаз парағына бір түстен екінші түске ақырын көше отырып бояуды жағып шық. Қағазды әбден кептір. Бояу кепкенше жасайтын жұмысыңның үлгісін дайындай беруіңе болады.

  5. Қара түсті гуашь бояуына қол жуатын сұйық сабынның бірнеше тамшысын қосып, оны араластыр. Егер сұйық сабын болмаса, жай сабынды жұқалап тіліп, қою қоспа болу үшін су құй. Енді гуашь бояуымен араластыр.

  6. Парафиннің бір кесегімен не парафин шамымен акварель жағылған қағаздың бетін үйкеле. Қағаздың бетіне парафиннің біртегіс жағылуын қадағала.
  7. Басы жалпақ қылқаламмен гуашь пен сабын қосылған қоспаны парафиннің бетіне ақырын жағып шық. Қылқаламды қатты үйкелеме, әйтпесе парафин қабатын бүлдіріп аласың. Одан кейін әбден кептір.
  8. Қағаз парағы кепкен соң, жіңішке біз не ұшы үшкір кез келген құралмен суретті тырналап шық. Қара түсті бояу қабатының асты нан түсті сызықтар көріне бастайды. Бұл – өте қызықты жұмыс. Сызықтар мен штрихтардың әртүрлілігіне назар аудар. Осы тәсілмен басқа тақырыптағы бұйымдарды да жасай аласың.

СЕН МЫНАДАЙ СУРЕТТЕР САЛА АЛАСЫҢ!

×
×

Cart