БҰРЫНҒЫ ЗАМАНДА БОЛАШАҚТЫ ҚАЛАЙ ЕЛЕСТЕТКЕН?

  Біздің өміріміз, айналамыз болашақта қандай болатыны туралы ойланған шығарсың? Адамдар әрдайым болашаққа көз жүгіртіп, қиялға ерік беріп отырған. Жазушылар қиял-ғажайып әңгімелер жазып, суретшілер кескіндеме және графикалық суреттер салады. Ең қызығы, адам сенгісіз дүниелер болашақта жүзеге асып отырған. Мысалы, бұрынғы замандағы адамдар бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізетін ертегідегідей ұшатын кілемді армандаған. Қазір адамдар ұшаққа отырып, көзді ашып-жұмғанша алыс елге тез-ақ жетеді.

  Ертегілердегі қиял-ғажайып заттарды есіңе түсіріп, олар бүгінде қалай жүзеге асқанын айтып бер.

  1911 жылы Францияда аса танымал емес суретші «2000 жылы өмір қандай болады?» тақыры бына ашықхаттар сериясын әзірлейді. Олардың кейбірін өзің де көріп тұрсың. Мұқият қарап шығып, 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген суретші нені күні бұрын жорамалдап білгенін айт.

×
×

Cart