ЭКСПО-2017 – БОЛАШАҚҚА САЯХАТ

  2017 жылы еліміздің және басқа мемлекеттердің тұрғындарына болашаққа аттануға мүмкіндік туды. Сенбейсің бе? Сен де Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне барып, болашаққа саяхат жасап келген болар сың? ЭКСПО – әртүрлі елдер техникалық және технологиялық жетістіктерін көрсететін халықаралық көрме. 2017 жылы Дүниежүзілік көрме өткізуге еліміздің бас қаласы – Астана лайық деп танылды. Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» болды.

  Алғашқы Дүниежүзілік көрме 1851 жылы Ұлыбританияда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілді. Көрм енің басты нышаны темір мен шыныдан жасалған Хрусталь сарайы болды. 1859 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрменің басты ғимараты Гюстав Эйфель құрастырған Эйфель мұнарасы уақытша құрылыс ретінде тұрғызылып, көрмеге кіретін арка қызметін атқарған. Уақыт өте келе мұнара Франция астанасының басты нышанына айналды.

  Көрмелер 2–3 жылда бір өткізіледі. Әрбір ел өз жетістіктерін көрсете отырып, әлем алдында мәртебесін көтеруге тырысады.Қазақстанның павильоны – «Нұр Әлем» сферасы ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символы іспетті. Бұл – әлемдегі диаметрі 80 метр , биіктігі 100 метр ең үлкен сфералық ғимарат. «Нұр Әлем» көрмеден кейін маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Ол 8 қабатты. Оның әрбір қабатында ерекше экспозиция орналасқан. Олар: «Болашақ Астана», «Ғарыш энергиясы», «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Биомасса энергиясы», «Кинетикалық энергия», «Су энергиясы» және «Ұлттық павильон». «Нұр Әлемді» болашақтың мұражайы деп айтуға болады. Оны қазір барып та көре аласың.

  ЭКСПО-2017 көрмесінде түсірілген фотосуреттерге назар аудар. Олар достарыңмен бірге жасайтын «Болашақтың қаласы» жобасын жасауға ынталандырады.

  Ғаламтордан және тағы басқа дереккөздерден жоба жасағанда қажет болатын Дүниежүзілік көрмелер мен Экспо-2017 туралы мәліметтерді тауып оқып, достарыңмен бөліс.

×
×

Cart