Болашақтың қалалары

  Дүниежүзілік көрмелерден техника мен технологиялардың жетістіктерін көруге болады. Ал бұл уақытта ғалымдар мен сәулетшілер тұтас қаланың жобасын ойластыруда.

  Қалай ойлайсың, болашақтың қаласы қандай болу керек? Егер сен оның жобасын жасасаң, онда қандай идеяларды көрсететін едің?

  Мына композицияларда суретшінің қалай түзету енгізгеніне қарашы. Оқулықта көрсетілген тепе-теңдіксіз композицияларға өз нұсқаларыңды ойлап тап.Бүгінде жүзеге асырылып жатқан кейбір жобалармен танысайықшы. 2006 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында болашақтың эко-қаласы – Масдар Ситиді тұрғыза бастады. Масдар дүниедегі қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды аз мөлшерде шығаратын бірінші қала болмақ. Ол шөл даладағы жайқалған жасыл шөпті, ауасы таза қала болады деп жоспарлануда. Қала энергия қуатын күннен өндірмек.
  Инженерлер көліктің жаңа түрлерін өңдеу үстінде. Сәулетшілер мен дизайнерлер ғимараттардың жобасын дайындап, қаланы безендіру жолында еңбек етуде. Болашақтың қаласы тек қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар әдемі де болу керек.

  Қытайдың елді мекенінде көліксіз қала жобасы қолғалынып жатыр . «Ұлы қалада» (Great city) адамдар кез келген жерге не жаяу, не велосипедпен жетеді. Тұрғын үйлер орталыққа, ал ғимараттар жасыл аймаққа орналасатын жоба 80 мың тұрғынға жоспарланған.
  Бір жерде эко-қаланы тұрғызу жұмыстары басталып кетсе, басқа жобалар қазірше сәулетшінің шығармашылық қиялының жемісі болып отыр. Мысалы, бельгиялық сәулетші В. Каплебо Қытайдың бір қаласының спираль тәрізді мұнарасының жобасын жасап шықты. Тік пішінді қалада саябақ, бау-бақша аспанмен таласқан мұнаралардың террассасында орналаспақ. Оның ойынша, Қытайдағы. жер мәселесі осылайша шешімін табады.

  Сен «ақылды қалалар» туралы не білесің? Олар қай елдерде тұрғызылып жатыр? Елімізде сондай жобалар қолға алынып жатыр ма? Ғаламтордан не басқа да дереккөздерден осындай қалалардың фотосуреттерін іздеп тауып, достарыңмен бөліс.

×
×

Cart