Туған өлке табиғатындағы жылы және суық түстер

   Әр адамға туып-өсіп, балалық шағы өткен жері ыстық. Біреулер есейіп, басқа жерге қоныс аударады.

Ал енді біреулер туған жерінде мәңгі қалады. Алайда адам қай жерде жүрсе де, туған өлкесіне қуана оралады.

  1. Туып-өскен жерің туралы айтып бер.

  2. Ол саған несімен қымбат ?

  3. Пейзаж дегеніміз не? Есіңе түсір.

  4. Жылдың әртүрлі мезгілдерінде сенің туған өлкеңнің табиғатында қандай түстер басым болады?

М.Бекеев . Кеш

                         М.Бекеев . Қараағаш

    Суретші М. Бекеевті туған жер және балалық шақ туралы естеліктің жыршысы деуге болады.                              Суретші сурет салу үшін қоршаған ортадағы түстерді көп қолданады. Туындыда басты әсерлегіш құрал түс болса, ол кескіндеме деп аталады. Мұндай туындыларды салатын суретшіні кескіндемеші деп атайды.

  

1. Суретшінің екі туындысын салыстыр . Олардың көңіл күйін суретте.

2. Оларда қандай түстік гамма басым ?

3. Бұл картиналарға қарап қандай сезімде боласың?

    БОЯУ ТҮСІНІҢ РЕҢКТЕРІ

  1. Қандай негізгі түстерді білесің?

  2. Құрама түстер қандай түстерден тұрады (қызғылт сары , жасыл және күлгін)?

   Мына суреттерге назар аудар . Олардың түсі қандай?

    – Әрине, жасыл түс, – дейсің.

     Алайда суреттердегі жасыл түс бірдей ме? Көріп тұрғаныңдай олардың түсі әртүрлі ! Әлде бұл басқа түс пе? Жоқ, бұл расында да жасыл түс, ал оның реңктері алуан түрлі.                                                                               Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады. Бір түстің реңктері бір-біріне туыстай ұқсас болады. Жаңа бояу реңктерін шығару үшін бір түске басқа түсті қосу керек. Сонда бір түстің алуан түрлі реңктерін аласың .

   

Жасыл түсті гуашь бояуына басқа түсті бояуларды қос. Палитрада араластыра отырып, жасыл түстің әртүрлі реңктерін шығар . Бояуға саусағыңды малып, қағаз парағына таңбалар түсір. Жасыл түстің қандай түрлерін шығар ғаныңды сана.

№1 жұмыс дәптерінің 26-бетіндегі тапсырманы орында.

×
×

Cart