Қазақстанның әлем алдындағы бейнесі

СЕН:
– «бренд» (образ) ұғымының мәні туралы білетін боласың.
– Қазақстанның ұлттық брендін жасауды үйренесің.

Есіңе түсір!

  Сен «бренд» сөзін естіп көрдің бе? Бұл сөздің мағынасы нені білдіреді?
  Бренд – танымал тауар белгісі. Танымал фирмалардың тауар белгілерін қарап көр. Олардың қайсысы саған таныс?

  Бренд адамдардың ой-санасында тауар жайлы тұрақты бейне қалыптастырады. Бейне сөзі «заттың түрі, сұлбасы немесе оның суреті, портреті» дегенді білдіреді.
  Бүгін біз Қазақстанның ұлттық брендін жасауымыз керек. Ол біздің еліміздің есте қаларлықтай танымал образы болуы тиіс. Сондықтан қазақстандықтарды әлемдік аренада танымал еткен біздің елімізге тән символдарды, атауларды, көрнекті орындарды есімізге түсіреміз.

  Қазақстанның Ұлы Дала Елі деген халықтық атауы бар. Мұны Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен болатын. «Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық. Сондықтан бүгін және мәңгілікке біздің Қазақстанымыз – Ұлы Дала Елі. Бұл – Ұлы Дала Елі, біздің көп этникалық халқымыздың үйі әрі бесігі. Біздің Отанымыздың дәл осындай халықтық атауы еліміздің бүгінін, өткені мен болашағын бейнелейді», – деді Н.Ә. Назарбаев.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Сен қалай ойлайсың, Президент Н.Ә. Назарбаев неге Қазақстанды «Ұлы Дала Елі» деп атауды ұсынды?
2. Ақын Олжас Сүлейменовтың «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық» деген жыр жолдары бар. Ақынның осы сөздері біздің еліміздегі қандай табиғи жағдайлармен байланысты айтылған?

  Біздің еліміз бүгінде тек атауымен ғана емес, басқа образдары бойынша да танымал. Суреттерге қарап, соларды айтып беріңдер.

Осы суреттер біздің ел өмірінің барлық қырларын қамти ма? Сендер осы образдар қатарын қалай толықтырар едіңдер?

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

  1. Топпен жұмыс істей отырып, Қазақстанның ұлттық брендін жасаңдар. Ол үшін сендерге біздің сабақтарымызда алған білімдерің қажет болады. Қажет болған жағдайда ғаламтор материалдары мен қосымша әдебиеттерді пайдаланыңдар. Табиғатпен, халықпен, мәдениетпен, елдегі ескерткіштермен байланысты бейнелердің негізінде ерекше есте қалатындай символика ойлап табыңдар. Қысқа ғана сөзбен ел туралы ұран жазыңдар.
  2. Сендер өз Отандарыңның (облыс, қала, ауыл, село) есте қаларлық брендін жасай аласыңдар. Ол үшін өз аймақтарыңның табиғаты, адамдары, тарихи және мәдени ескерткіштері жайлы дүниелердің бәрін естеріңе түсіріңдер.
  Естеріңде болсын, елдің тартымды «сыртқы» образын жасау үшін ондағы халықтың өз Отанына деген шексіз махаббаты үлкен маңызға ие. Өз Отаныңа деген сүйіспеншіліктерің мен құрметтеріңді постер арқылы сипаттауға тырысыңдар.

×
×

Cart