Мозаика өнерімен танысамыз

      Мозаика – әртүрлі материалдардан (тас, шыны, ағаш) жасалған бейне. Мозаика өнері ертеде пайда болған. Бұрынырақта мозаика өзен бойындағы малтатастардан жасалған. Уақыт өте келе малтатастың орнын түрлі түсті күңгірт шыны – смальта басты .

  Смальтадан жасалған мозаикалар өте айшықты әрі берік. Сондықтанда ертедегі мозаикалар бүгінгі күнге дейін сақталған. Олар көрермендерді әлі де таңғалдырып келеді.

Ежелгі мозаика

А. Дейнека. Хоккейшілер.

Мозаикалық панно

  Бұрын зәулім сарайлар мен мешіт, шіркеулерді мозаикамен әшекейлеген. Бүгінгі таңда ғимараттар, субұрқақ, метро стансалары мозаикамен безендіріледі.

  1. Сен нағыз мозаиканы көрдің бе?

  2. Егер сен Алматыда тұратын болсаң немесе осы қалаға бар саң міндетті түрде метроға барып көр . «Алатау», «М.Әуезов атындағы театр » стансалары қазіргі  заманғы әдемі мозаикаларм ен әшекейленген.

  3. Сен ол жерден смальтаның қанша түсін көрер екенсің?

Гуэль саябағындағы айдаһар

  Испанияның Барселона қаласында тамаша саябақ бар . Оны ойлап тауып, жасаған Антонио Гауди атты шебер. Саябақтың ғимараты , орындық, баспалдақ, бәрі-бәрі мозаикамен көмкерілген. Саябақ қонақтары өздерін ертегіге кіріп кеткендей сезінеді.

      Заманауи шеберлер мозаика жасау үшін әртүрлі материалдарды қолданады. Олар : сынған ыдыс пен айна, моншақ, қатырма қағаз, табиғи материалдар .

  Тас және ұлу қабыршақтарынан жасалған мозаика

  Жұмыртқа қабығынан  жасалған мозаика

      Сен жоғары сыныптарда мозаиканы алуан түрлі материалдардан жасап үйренесің. Қазірше мозаиканы қатырма қағаз бетіне полимерлі сазбал шықтан жаса.

 №1 жұмыс дәптерінің 30–31-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Cart