«АПОРТ АЛМАСЫ » МОЗАИКАСЫН ЖАСАЙМЫЗ

      Алматы – әсем әрі үлкен қала . Жұпар иісі аңқыған апорт алмасы қаланың символы бола алады.                        Алматыда бұл алмаға арналған субұрқақ бар . Оның авторы  Е. Рахмадиев. Мүмкіндігің болса, бұл жерге барып көр.

   1913 жыл ғы көрм еде апорт тұқымы ғалымдар мен көрмеге келушілерді таңғалдырған. Қызғылт түсті алманың салмағы 1200 г жетіп, ал оның дәмі тіл үйірген.

«Апорт » алмасын мозаика тәсілімен полимерлі сазбалшықтан жаса.  Саған өлшемі 13х15 см ақ түсті қатырма қағаз, жай қарындаш, полимерлі сазбал шық немесе ермексаз керек.

    ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Сазбалшықтың сары және қызыл түсін араластырып, қызыл түстің 4–5 реңкін шығар .

2. Жай қарындашпен алманың суретін сал .

3. Қою реңкті сазбалшықтан бірдей дөңгелектер жасап алып, алманың суретінің үстіне желімде (2–3 қатар ).

4. Ашық түсті реңкті сазбал шықпен 2–3 қатар тізіп шық.

5. Басқа реңктермен де солай істе. Алманың дәл ортасы ашық қызғылт реңкті болуы керек.

6. Жасыл түсті ермексаздан жапырағын жаса. Сабағын қоңыр түсті сазбал шықтан жаса.

7. Негізтүсін бір түстен немесе реңктерден жаса.

Егер мозаикаңды түсті жақтаумен безендірсең, онда бұл тамаша сыйлық болар еді. Мұндай мозаикамен өз бөлмеңді сәндей аласың.

    ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

   Жапон оқушысы мектеп бітірерге дейін екі жүз түсті атап, ажырата алатынын білесің бе!? Сен мектепте әлібірнеше жыл оқисың. Қазірше түс атауларының шығу тарихын есіңе түсір. Он түсті ата .

  1. Палитрада түстерді қалай шығардың? Түстерді шығару ұнады ма ?

  2. Бұл бөлімнен алған білімің қоршаған ортамен суретшілердің                                      туындыларындағы реңктерді байқауға көмектесті ме? Жауабыңды түсіндір.

  3. Алматы апорты туралы білетініңді айтып бер.

  4. Мозаиканы қала й жасадың? Қандай реңктерді пайдаландың?

  5. Жасаған жұмысыңды кімге сыйлағың келеді?

Интернеттен түстердің алуан түрлі реңктері туралы мәліметтерді тауып оқы. Реңк атауларын есіңе сақта .

    БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

  1. Кескіндеме дегеніміз не?

  2. Кескіндеме туындыларын жасайтын суретшіні қалай атайды?

  3. Реңк дегеніміз не?

  4. Суретші бір түстің бірнеше реңкін қалай шығарады?

1. Мозаика дегеніміз не? Ол туралы қандай қызықты нәрселер білдің?

2. Ол қандай материалдардан жасалады?

3. Мозаика өнері қай жерде қолданылады?

×
×

Cart