Таза ауадағы ойын түрлері

      Сен денің сау болу үшін таңертең жаттығу жасап, суға түсіп, шынығып, спорт пен шұғылдану керек екенін білесің. Таза ауада көбірек серуендеп, әртүрлі ойындар ойнау қажет. Мұндай ойындар ептілікті, күшіңді арттырып, шынықтыра ды, денсаулығыңа да пайдасы зор.

  1. Жазда далада ойнайтын қандай ойындарды білесің?

  2. Қандай қысқы ойындарды білесің? Олар туралы айтып бер.

  3. Достарыңмен бірге қандай ойындар ойнайсың?

    Суретшілер бейнелеген балалар ойындары

      Суретшілер балалар ойыны тақырыбын жиі бейнелейді. Балалар да осы тақырыпқа сурет салғанды жақсы көреді.

     Қалай ойлайсың, суретшілерді бұл тақырып несімен қызықтырады? Өз ойыңды айт. Сені бұл тақырып несімен қызықтырады?

И. Нюстрём

                         В. Маковский   Топай ойыны

1. Суретшілер бұл туындыларда қандай көңіл күйді беруге тырысқан?

2. Картиналардағы балалар не істеп жатыр ? Суретшілер қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?

    Ұлттық ойындар

   Ұлттық ойындар – әрбір ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігі. Олар адамның жақсы қасиеттерін, яғни ептілігін, күш-жігерін, төзімділігін, жеңіске деген құштарлығы мен батылдығын көрсетеді.                                                   Біздің халқымызда мұндай ойындар аз емес. Олардың басым бөлігі жарыс түрінде өтеді.

   «Бәйге» – ат құлағында ойнайтын шабандоздардың ат жарысы. Жігіттер белгілі бір қашықтыққа бірінші жету үшін жарысады. Бұл ойын бірнеше айналымнан тұратын жазық әрі тегіс жерде өтеді.  

Асық ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Бұл ойын жылы күндері ойналады. Ойыншылар тігілген асықтарды атуға сақа таңдап алады. Сақа болатын асық салмақты , ірі болуға тиіс. Ойынның мақсаты – асықты көздеп тұрып атып, ұту.

   Көптеген ойындар ертедегі халық дәстүрінен бастау алады. Мысалы , жігіт отау құру үшін бар жігері мен ептілігін, шеберлігін қызға дәлелдеу керек. Атқа мінген бозбала ат үстіндегі қызды қуып жетіп, сүюі керек. Егер қуып жете алмаса, онда қыз жігітті қуып жетіп, оны қам шылайды. Мұның бәрі көрермендерді күлкіге қарық қылады. Осылайша «Қыз қуу» ойыны пайда болған.

   Сен кейбір ойындарды өзгертіп, оны өзіңде ойнай аласың. Мысалы , «Бөрік теппек» ойынын допты алысқа лақтырып ойнауға болады. Кім алысқа үш рет лақтырса, сол жеңімпаз атанады.

 №2 жұмыс дәптерінің 3-бетіндегі тапсырманы орында.

×
×

Cart