«Спорттық ойындар» сұлба композициясын жасаймыз

      Сұлба композициясын бірнеше тәсілмен жасауға болады.                                                                                    Біріншісі – аппликация тәсілі.                                                                                                                            Қара түсті қағазға адамның бейнесін салып, қайшымен  қиып ал . Денесі, басы мен мойны бөлек қиылады. Аяқ-қолдарын екі бөліктен жаса, өйткені олар бүгілуі керек. Бірінші сыныпта қалай жасағаныңды есіңе түсір.                                                                                                                                                              Барлық бөлшектерді қағаз парағының бетіне қой (түсті болғаны дұрыс). Фигураны қозғалысты білдіретін белгілі бір қалыпқа келтір. Егер композиция ойыңдағыдай шықса, оларды ұқыптап желімде.

   Сұлбаны қағаздарды жырту арқылы аппликация түрінде де жасауға болады. Ол үшін пішіндерді қайшымен қимай, қолыңмен жыртасың. Сонда қызықты бейне шығады.

Сұлба жасау тәсілдерінің бірін таңдап ал . Қандай ойын түрін (немесе спорт түрін) бейнелейтініңді, сондай-ақ композицияны орналастыратын парағыңның пішімі мен өлшемі туралы да ойлан. Жұмысыңа негізтүс таңда. Қара түспен қандай түстер үйлесетінін біл. Пішіндер мен сызықтардың әсерлілігі, жұмысыңның түстік шешімі туралы ұмытпа.

   Екінші тәсіл – бейнені қара тушьпен салу. Сұлбаны қара фломастермен не тушьпен тұтас бояу арқылы салуға да болады. Кейде суретшілер туындыларын әсерлі ету үшін түрлі тәсілдерді араластырады.

  Кляксография деп аталатын үшінші тәсіл де бар. Бұл – ең қызықты тәсіл . Қағаз бетіне тушь тамшысын ағызып, адамның бейнесі шығу үшін оны жан-жаққа жағасың. Бұл жұмысты орындау үшін дәлдік, ептілік және ойдың ұшқырлығы керек. Сонда қызықты әрі күтпеген адам бейнелері шығады. Ұқыптылықпен жұмыс істеуге тырыс.

 №2 жұмыс дәптерінің 5-бетіндегі тапсырманы орында.

×
×

Cart