Ертедегі адамдар айналасындағы заттарды әшекейлеуге тырысқан. Олардың суреттері өте әсерлі және ең маңызды оқиғалар туралы сыр шертеді. Адамдар өзі үшін ең қадірлі, маңызы зор заттарды – баспанасын, ыдысын, киімін, қаруын өрнектермен әшекейлеген. Олар тұрмыстық заттарын түрлі белгілермен әшекейлеу арқылы өзін зұлым күштерден қорғаймын деп сенген. Осылайша тұрмыстық заттарды әшекейлеу – сәндік қолданбалы өнері пайда болды.