Алуан түрлі жануарлар

   Жануарлар бір-бірінен өзгешеленеді. Піл, жолбарыс, түйе – үлкен жануарлар . Мысық, ит – кішкентай жануарлар . Тышқан, атжалман сияқты оданда кішкентайлары бар .

   Жануарлар түсі және түсінің ерекшелігі бойынша да өзгешеленеді.  Мысалы, ақ және қоңыр аю болады. Зебра мен жолбарыстың үстінде жолағы, керік пен сілеусінніңдағы бар .Жануарлар дене құрылыстарының   ерекшеліктері бойынша өзгешеленеді. Мысалы , пілдің құлағы мен тұмсығы үлкен, керіктің мойны өте ұзын. Жылқының аяғы, құйрығы мен жалы ұзын, ал түйенің бір не екі өркеші бар .

1. Өзіне тән ерекшеліктері бар тағы қандай жануарларды білесің?

2. Хайуанаттар бағы мен үй шаруашылығында қандай жануарларды көрдің?

3. Не нәрсеге назар аудардың? Олар несімен есіңде қалды?

   Құстардың да өзіндік ерекшелігі болады. Үлкен құстар бар . Мысалы , түйеқұс, аққу, тырна. Ал сарышымшық пен торғай – кішкентай құстар .

  Жер бетіндегі ең үлкен құс – түйеқұс, ал ең кішкентай құс – колибри. Оның өлшемі бар болғаны 6 см! Кіп-кішкентай болғанымен, жер бетіндегі ең әдемі құстардың бірі.

    Құстардың кейбірінің мойны мен аяғы ұзын. Енді біреуінің тұмсығы ұзын. Бірінің қанаты әдемі. Мына құстарға қара . Оларды ата . Ерекшеліктерін айт.

Сен тұратын қала немесе ауылда құстар өте көп шығар ?! Олар ағаш арасына жасырынып алатындықтан, байқамауың да мүмкін. Алайда зер салып қарасаң, оларды міндетті түрде көресің. Оларға зейін қойып, ерекшеліктерін байқа.

    Жануарлардың ұқсастығы. Жануарларды бейнелейміз

   Жануарларды бейнелейтін суретшіні анималист деп атайды. Сен де жануарларды жиі бейнелейсің. Егер жануарларға зейін қойып қарайтын болсаң, олардың  дене  құрылысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, ұқсастықтары да бар екенін көресің.

  Сонымен, жануарлардың бәрінің денесі, басы, мойны және аяғы бар. Алдымен ең басты бөліктерін қарапайым пішіндер түрінде сал . Денесімен басы дөңгелек не сопақша болады. Қазірше бұл қандай жануар екенін айту қиын.

   Белгілі бір жануардың жеке бөліктерін, мысалы , үшбұрышты құлағын, көзін, мұрны мен аузын, үлпілдек құйрығын салғанда ғана оның мысық екені белгілі болады.

Осылайша итті, қозы, лақпен басқа да жануарларды салуға болады.

  Кез келген жануарды бір сызықпен салуға да болады. Оның дене бітімін есте сақтау үшін мұқият әрі байқампаз болу керек.

 № 2 жұмыс дәптерінің 20–21-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Cart