1. Газет қиындыларын ұсақтап жырт .
2. Тәрелкенің ішкі жағына вазелинді молынан жағып шық. Сонда желімдеген пішін тәрелкеден тез шешіледі.
3. Газет қиындыларын суға малып алып, тәрелкенің майланған жағына жапсыр . Оларды бірінің үстіне бірін нығыздап жапсыр . Тәрелкенің жиегінен асырып желімде.
4. Соңғы қабатын ПВА желімімен жапсырып, оның бетіне газеттің құрғақ қиындыларын желімде. Осылайша 6 рет істе. Желімделген қабаттың саны 8 болуы тиіс.
5. Оларды тәрелкеге қатты қысып, 2 күнге кептіріп қой.