Қазақ қолөнері Ұлттық ыдыс-аяқ түрлері

     Қазақ қонақжайлылығының басты нышаны – қара қазан киелі деп саналады.                                                     Қымыз оюланған тегене немесе шараға құйылады. Тегенедегі қымызды кішкене ожаумен құяды. Шеберлер ожауды тұтас ағаштан ойып, әдемі етіп жасауға тырысқан.                                                                                     Етті ағаштан жасалған дөңгелек пішінді табаққа салады. Табақтың жиегіне ою ойып салған.                               Астау – ағаштан ойып жасалған ет салатын үлкен ыдыс. Ол тік бұрышты ұзынша пішінді. Тұтқасы зооморфтық өрнектермен әшекейленеді.

   Сұйық тамақтар ағаштан ойып жасалған аяқтарға құйылатын болған. Бұл ыдыстардың сыртын өрнектермен әшекейлеген.

   Суреттегі ыдыс түрлерімен тек қымыз емес, сонымен қатар шай да ішкен. Ыдыстар бастапқыда ағаштан, одан кейін керамикадан жасалды.

  Халқымызда шай ішудің өз дәстүрі бар . Шайды кесеге ешқашан толтырып құймайды, шайдың азырақ құйылуы қонаққа деген ілтипатты білдіреді. «Шай ішсең – көңілің жай»  деген сөз бар . Шай арнайы шай сандықта сақталған. Шай сандық күмістен және металдан жасалған өрнектермен әшекейленген.

 №2 жұмыс дәптерінің 8–9-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Cart