Құстарға жемсалғыш жасаймыз

   Құстар ға көмектескің келе ме? Жемсалғыш жасап, оны үйіңнің жанына іліп қой. Сонда құстарды бақылай аласың.

  Сенің қалаңда қандай құстар қыстап қалады? Оларды ата .

     Жемсалғышты әртүрлі материалдар мен заттардан жасауға болады. Пластик бөтелке, стақан, ыдыстарды пайдалана аласың. Үлкендерден саңылау жасап беруді сұра . Оған жіп өткізіп, дән шаш. Міне, жемсалғыш дайын! Енді оны ағаш бұтағына немесе бал конға іліп қою керек. Саған үлкендер көмектеседі.                           Өзіңді дизайншы деп есептеп, берік әрі ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар әдемі жемсалғыш жасау жолын ойлан.

 

  Құстарды қыста немен тамақтандырады? Құстар  шекілдеуік, тары , сұлы , кепкен шетен мен долана жидектерін жақсы көреді. Жұмыртқа қабығын ұнтақтап беруге болады, оның құстарға пайдасы көп. Құстарға қара нан, тұзды әрі қуырылған шекілдеуік беруге болмайды!

Жемсалғыш жасау үшін қарындаш, пенопласт, пышақ, байлайтын жіп, клейстер және құстарға беретін жем керек.

   ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Алдымен пенопласттың бетіне жемсалғыштың суретін сал (дөңгелек, жүрек, жұлдыз, ай пішінді). Олардың өлшемі сенің алақаныңнан үлкен болмауы тиіс.

2. Одан әрі үлкендердің көмегі керек. Пышақты бірнеше секунд газға қыздырып, пішінді жылдам кесіп алу  қажет. Одан соң ыстық пышақпен пішіндерді тес.

3. Анаңнан крахмалдан клейстер істеп беруді сұра .

4. Қиып алған пішіндеріңнің бір жағына клейстер жағып, оның бетіне жем шаш.

5. Оны кептір. Екінші жағына да жем шашып, кептір.

6. Саңылауына бау немесе лента өткіз.

                 СЕНІҢ ҚҰСТАРҒА ЖАСАҒАН СЫЙЛЫҒЫҢ ДАЙЫН!

  Оны ағаш бұтағына, балкон мен саяжайдағы үйдің қабырғасына іліп қоюға болады. Жақында саған торғай, шымшықтар және басқа құстар қонаққа келеді. Оларды сыртынан бақыла . Құстарды бейнелеуге тырыс.

 №2 жұмыс дәптерінің 24–25-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

  ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

  Сен білесің бе ?

  Жер бетіндегі ең жылдам жануар – қабылан. Ол жеңіл машинаны басып озады. Оның жылдамдығы – сағатына 115 км.

  Судағы ең үлкен жануар – көк кит. Оның салмағы 150 тоннадан асады, ал ұзындығы 33 метрге жетеді.

  Құрлықтағы ең үлкен жануар – африкалық піл.  Оның салмағы – 6 тонна, ұзындығы 7,5 метр , ал биіктігі 3,3 метр .

  Ең биік жануар – керік. Оның биіктігі 5–6 метр , салмағы 1600 кг. Мойнының ұзындығы 2 метрге жетеді.

  Жануарлар туралы тағы қандай қызықты мәліметтер білесің? Сен қандай жануарларды бейнелеп үйрендің?

1. Қызыл кітап туралы не білдің? Айтып бер.

2. Ұжымдық жұмыс жасау үшін қандай жануарларды таңдадың?

3. Ол жануарлар сені несімен қызықтырды? Айтып бер.

4. Ұжымда сен не істедің?

5. Ойлағандарыңды жүзеге асыра алдың ба?

  Интернеттен жануарлар туралы қызықты мәліметтерді тауып оқып, сыныптастарыңмен бөліс.

БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

 №1 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

  БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

1. Жануарлар туралы қандай жаңа нәрсе білдің?

2. Үй жануарларына нелер жатады?

3. Олар адамға қандай пайда келтіреді?

4. Адамдар жануарларды қалай қорғайды?

5. Астауды не үшін жасайды?

1. Анималист суретші дегеніміз кім?

2. Монотипия қалай жасала ды?

3. Жануарларды қандай жолмен бейнелеуге болады?

4. Бұл бөлімнен не үйрендің?

×
×

Cart