ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ

1. Сұрақтарға жауап бер.

1. Ежелгі сақтардың сәулет өнері туралы не білесің?
2. Геродот кім? Оның сақтар туралы айтқан пікірлерін білесің бе?
3. Қазақстан жеріндегі тарихи сәулет жәдігерлері ретінде қандай нысандарды атар едің?

2. Суреттерге қара. Олардың ежелгі сақтар мәдениетіне қандай қатысы бар? Осы заттар туралы дереккөздерден ақпарат жина. Заттардың атауын, қай ғасырға жататынын анықтап жаз. Бұл заттардың сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсың?

3. Орыс ғалымы Л.П.Окладниковтың ежелгі түркі мәдениеті туралы айтқан сөзін қазақ тіліне аударып жаз. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір. Ғалым айтып отырған «Древняя тюркская Сибирь» ұғымы Жер шарының қай бөлігі екенін әлем картасынан тап.

    «Древняя тюркская Сибирь оказалась теснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее. У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет их путь на Дон и на Дунай».

4. Мәтінді тыңда.

5. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарды жалғастырып жаз.

1. Адамзат тарихында Ежелгі Қазақтан мәдениеті мен өркениетінің қандай маңызы бар?
2. Ұлы Дала қандай құрлықтардың басын қосты? …

6. Мәтінге сүйеніп, «Ұлы Дала өркениетінің даму факторлары» тақырыбындағы сызбаны толтыр.

7. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнына сәйкес тақырып қой. Тыныс белгілеріне назар аудар.

   Тараз – Талас өзені бойында орналасқан тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған. Екі мың жылдық тарихқа ие Тараздың өзіндік шежіресі мен тағдыры бар. Оның даму жолдарының құпиялары мен тылсым сырлары мол.
   Әр қаланың өзінің ерекше бойтұмары болады. Тараздың бойтұмары – Қарахан мен Айша бибі күмбездері. Аңыз бойынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездеседі. Бірін-бірі ұнатқан екі жас үйленуге келіседі. Жаугершілік заман болғандықтан, елін, жерін қорғап шайқаста жүрген Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтеді. Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына бару үшін қасына күтушісін ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

    Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, біраз демалуға тоқтайды. Күтушісі ас әзірлеуге кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі жұмсақ төсенішке келіп жатады. Салқын су мен таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялап, ол маужырап ұйқыға кетеді. Осы кезде оны даланың улы жыланы шағады.
    Денесін у жайлап, тынысы тарылған Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан емші мен молданы алып жеткенде, ару қыз есінен танып жатыр екен. Қарахан молдаға Айша екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айтыпты.
  Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Қанша уақыт өтседе, Тараз қаласының іргесінде екі ғашықтың махаббатының өшпес
белгісі іспеттес сол күмбез әлі тұр.
   Айша бибі кесенесі – өзінің аңызға толы рухани құндылығымен Қатар сәулет өнеріндегі ғажайып, әлемде теңдесі жоқ ескерткіш. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырады. Оның алғашқы қалпы тек батыс қабырғасында сақталған.
   Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001–2004 жылдар аралығында жүргізілді. Шеберлер кесенені қайта қалпына келтіру үшін үш жыл бойы ізденіп, оның кірпішінің жасалу технологияларын зерттеді. Тек ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындалды. Сондай-ақ кесененің іргетасын қатайту, қабырғаларын көтеру, ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді күрделі жұмыстар атқарылды.

8. Мәтіндегі бейнелі сөз тіркестерін теріп жаз. Мәтінде қолданылған тыныс белгісінің түрлерін анықта.


Үлгі: самал жел.

9. Мәтін мазмұны бойынша 3–4 сұрақ жазыңдар. Фразеологизмдерді қолданып, өзара диалог құрыңдар.

10. Айша бибі кесенесінің сәулет ерекшелігі туралы айт. Ол үшін дереккөздерден орта ғасырлардағы Ұлы Даланың сәулет өнері туындыларына қатысты ғылыми мәтіндермен танысып ал. Сәулет өнеріне тән термин сөздерді дұрыс қолдан.

11. Дереккөздерді пайдаланып, Қазақстан жерінде бой көтерген ғашықтар кесенелерінің бірі туралы материал жинаңдар. Оны слайд арқылы көрсетіп, тұсаукесер жасаңдар.

12. «Қазіргі жастарда Қарахан мен Айшаның махаббатындай ұлы сезім бар ма?» тақырыбында ойкөкпар (дебат) өткізіңдер. Ойкөкпардың талаптары мен шарттарын сақтаңдар.

13. Ұлы Даланың ежелгі мәдениетіне қатысты сәулет ескерткіштерінің каталогін жаса. Каталогта сәулет өнерінің суреті, атауы, тұрған орны, тұрғызылған уақыты, қазіргі жайы туралы қысқаша мәлімет көрсетілсін.

14. «Ұлы Даланың сәулет өнері» тақырыбында өтілген материалдарды INSERT оқыту стратегиясы бойынша талда. Төмендегі белгілермен әр ақпаратты не тапсырманы белгіле. Өз ойыңды қорытындылап жаз.

×
×

Cart