ӘЛЕМНІҢ ЖАҢА ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Мына суреттерде не бейнеленген? Олар туралы не білесіңдер?

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыбын анықта.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап беріп, тапсырманы орында.

1. Бұл жәдігерлер неліктен жаңа жеті керемет деп аталады?
2. Ғажайып ескерткіштер туралы қосымша мәліметтерді ізде.

3-тапсырма. Суреттерде көрсетілген жеті кереметтің біріне саяхатқа бару үшін өз маршрутыңды жобала. Саяхат жоспарын құрастырып, оны жаз. Бөлек, бірге жазылатын сөздерді қолдан.

4-тапсырма. Тыңдалым мәтініне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарды пайдаланып, диалог құрыңдар.

– Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы қанша километр екенін білесің бе?
– Еуропада орналасқан жалғыз керемет қайсы?
– Көне қала Петра саяхатшыларды несімен таңғалдыруда?
– Әйгілі Тәж-Махал кесенесі қайда орналасқан?
– Чичен-Ица қаласының басты нышаны не?

5-тапсырма. «Сөз-Бәйге!». Шарты: үш топқа бөлініңдер.

1. 3 минут ішінде еліміздегі бірге жазылатын қала, елді мекен атауларын айтыңдар.
2. 3 минут ішінде дефис арқылы жазылатын жеті керемет атауларын айтыңдар.
3. 3 минут ішінде екі түбірден құралған кісі аттарын айтыңдар.

6-тапсырма. Графикалық диктант жаз. Егер берілген пікірмен келіссең, үшбұрыш белгісін, ал келіспесең, төртбұрыш белгісін қой. Белгілерді жылдам әрі дұрыс қойған сыныптастарыңды анықта.

1. Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.
2. Адам – табиғатты билеп-төстеуші, бағындырушы.
3. Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға табынған.
4. Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, монеталар – тарихи ескерткіштер.
5. Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.

7-тапсырма. Қазіргі заманғы әлем кереметтері туралы тақырыпқа ақпарат іздестіріп, сұрақтар дайында. Сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылап, дұрыс жауабын табыңдар.

8-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.

1. Үндістанның Агра қаласында орналасқан кесене.
2. Ежелгі Грекиядағы піл сүйегі мен алтыннан жасалған мүсін.
3. Еліміздегі тасқа жазып түсірілген суреттер.
4. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.
5. Теңізшілерге жол көрсеткен мәрмәр тастан қашалған жеті кереметтің бірі.
6. Қазақ халқының өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттіліктің, кеңдік пен дарқандықтың символына айналған Астана қаласындағы монумент.
7. Биіктігі 40–45 метрлік ежелгі кесене.
8. Биік жартасқа орналасқан Иордания қаласы.
9. Ұлттық музыкалық аспап.
10. Әлемдегі ең үлкен амфитеатр.
11. Еліміздің бас қаласы.

10-тапсырма. Сабақта алған әсеріңді, ойыңды айтып бер.

1. Бүгінгі сабақтан жаңа әрі қызықты ақпарат ала алдым ба?
2. Топтық жұмыстарда мен өзімді көрсете алдым ба?
3. Бүгінгі сабақтан алған ақпараттар мен үшін маңызды.
4. Бүгінгі сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

×
×

Cart