ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ

1. Кімдерді ғалым деп айтады?
2. Қандай ғалымдарды білесің?

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, негізгі ақпаратты анықта.

• Ғылымды кімдер жасайды?
• Шоқан Уәлиханов туралы не білесің?
• Ол туралы қандай пәндерден естіп білдің?

3-тапсырма. Ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықта.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге тыныс белгілерін дұрыс қойып жаз.

1. Оқуға бар ынта-жігеріңді сал
2. Өзіңе мына көйлектердің қайсысы ұнайды
3. Шіркін-ай, атты қалай таңдап қояды
4. Бұл қайсың, Мұратпысың
5. Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған
6. Ғылым-білімге түгелдей берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады

5-тапсырма. Мәтінді оқы.

Әлкей Марғұлан

   Еліміздің аса көрнекті ғалымы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Хақанұлы Марғұлан – Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, архитектура сияқты алуан саласында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған ғалым. Ғалымның «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан», «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті», «Қазақстанның киіз үйі мен оның жасалуы», «Ежелгі мәдениет куәлары», «Шоқан және Манас» кітаптары туған өлкеміздің мыңдаған жылдық тарихи-мәдени шежіресін зерделеген құнды еңбектер болып саналады.

   Ғалым бірнеше археологиялық ескерткіш тауып, ежелгі қорым-қоныстардың орнын анықтады. Талас, Шу, Сырдария өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнында қазба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сайрам қалаларының мәдениетін зерттеді. Орталық Қазақстан төңірегіндегі қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Қазақстан жерінде ежелден сазбалшықтан ыдыс жасау, металл өңдеу кәсібі және сәулет, құрылыс өнері болғандығын дәлелдеді.

(«Ғылым шырағын жаққандар» кітабынан)

6-тапсырма. Мәтіннің бірінші абзацындағы тыныс белгілерінің қойылу себебін жұбыңмен бірге талдап, басқа жұптардың жауаптарымен салыстырыңдар.

7-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша дұрыс жауабы бар екі сұрақ және дұрыс жауабы жоқ бір сұрақ дайында. Жауaптарыңды дәлелдеп айт.

8-тапсырма. Әрбір абзацтағы мәтінді мұқият оқып шық. Мазмұндық, мағыналық жағынан байланыстырып, ретімен орналастыр. Өз жұмысыңды топқа таныстырып, басқа топтардың мәтіндерімен салыстыр.

9-тапсырма. Мәтін кім туралы? Дұрыс жауаптарды сызықпен белгіле.

Тыныс белгілері:
• даралаушы қызмет атқарады;
• ерекшелеуші қызмет атқарады;
• ойдың аражігін ажырату қызметін атқарады.

10-тапсырма. Қазақ ғалымдары туралы мәліметтерді кестеге толтыр. Ғалымдардың өмір сүрген заманына қарай рет санын дұрыс қой.

1. Ермұқан Бекмаханов – белгілі тарихшы. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірін жан-жақты зерттеген ғалым.
2. Әлкей Марғұлан – еліміздің аса көрнекті ғалымы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор.
3. Санжар Асфендияров – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым. Петербургтегі әскери-дәрігерлік академияны бітірген.
4. Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті тілші-ғалым, дарынды ау-
дармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторы.
5. Шоқан Уәлиханов – зерттеуші, тарихшы, ғалым, этнограф. Ол
қазақ, қырғыз, ноғай әдебиетінің жазба мұраларын ғылыми талдаған.

11-тапсырма. Қазақ ғалымдарының біреуінің өмірі туралы (өзің таңдап) эссе жаз. Көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсет. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.

12-тапсырма. Сабақта алған біліміңді, әсеріңді төмендегі сұрақтарға сәйкес айтып бер.

×
×

Cart