– Сынық сызық (Ломанная линия), беттің бірнеше нүктесіне тінтуір батырмасын басыңдар. Программада қатарынан қойылған екі нүктенің арасына кесінді өздігінен сызылады.
– Фигуралар (Фигуры), түзу және тегіс түйіндерді тінтуір арқылы шертіп, орын ауыстырған кезде Безье тегіс түйінін құрайды. Фигура екі басқару түйіндерінен тұрады, олар бір сызық бойында жатқанымен, бағыттары әртүрлі.
1. Кез келген нүктеге меңзерді орналастырыңдар.
2. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар. Меңзерді қажетті нүктеге орналастырыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, сызықтың бағыттарын және иілуін реттеңдер. Суретті жалғастыру үшін келесі нүктені таңдап, алдыңғы әрекеттерді қайталаңдар.
3. Сурет салуды аяқтау үшін Enter батырмасына басыңдар. Сызық сызу әрекетін болдырмау үшін Esc батырмасына басыңдар. Аяқталмай қалған сызықтың тек соңғы сегментін сызуды болдырмау үшін Backspace батырмасына басу жеткілікті.