Біздің республикамыз қандай бөліктерге бөлінеді?

СЕН
– экономикалық қызметтің субъектісі туралы білесің.
– әкімшілік аймақтарды бір-бірімен салыстыруды үйренесің.өлкеңдегі экономиканың түрлі салаларын сипаттауды үйренесің.

Қазақстан аумағының әкімшілік аймақтық картасы

Қазақстан аумағы 17 әкімшілік аймаққа бөлінген. Олар 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент).

Қазақстан аумағының әкімшілік аймақтық картасы

Республикалық маңызы бар қалалар

Алматы

Нұр-Сұлтан

Қазақстанның астанасы

Шымкент

   Қазақстан аумағы 17 әкімшілік аймаққа бөлінген. Олар – 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент). 2018 жылы Шымкент қаласының халқы 1 миллионға жетті. Шымкент «республикалық мәртебесі бар үшінші қала» атанды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Картада Түркістан облысы пайда болды.

Картамен жұмыс

«Қазақстан аумағының әкімшілік аймақтық картасына» қараңдар. Одан қандай ақпарат алуға болады? Еліміздің аумағы қандай бөліктерге бөлінеді? Оларды атап, картадан көрсетіңдер.

Картадан өзің тұратын облысты көрсет. Облысыңның әкімшілік орталығы қай қала? Өлкеңдегі облыс орталығы туралы не айта аласың? Сен тұратын облыс қандай облыстармен шектеседі?

Картадан еліміздің астанасын тауып көрсет. Ол қай облыста орналасқан? Сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба? Нұр-Сұлтан қаласы туралы не білесің?

Өзің тұратын облыстың картасына қара. Оның құрамында қандай аудандар бар? Ол аудандар несімен танымал екенін анықта.

«Қазақстанның ауылшаруашылығы мен өнеркәсібі карта сызбасына» мұқият қара.
Қазақстанның әр облысы несімен танымал екенін айтып бер.

Атамұра

×
×

Cart