Ауа райы жыл мезгілімен және табиғат жағдайымен байланысты. Мысалы, қиыр солтүстіктің қысы қатаң, жазы салқын. Оңтүстіктің шөл даласында қыста да, жазда да жоға-ры температура сақталады. Осындай жыл бойына жүйелі қайталанатын ауа райының ауысуын климат деп атайды. алымдар ғаламшарымызда бірнеше климаттық белдеу-лердің бар екенін дәлелдеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән Жер бедерімен, ауа райының ерекшелігімен, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өзгешелігімен сипатталады.