Ит – жақсы дос
Бір баланың иті болыпты. Баланың аты – Талғат, итінің аты Ақтөс екен. Талғат балаларға: «Ақтөстің пайдасы жоқ», – депті. Балалар күліп: «Біздің итіміз жақсы. Үйді күзетеді, пайдалы», – дейді.
Бірде Талғат орман ішімен келе жатып бір қасқырды көріп, қорыққаннан айқайлап жібереді. Оны Ақтөс естіп, жүгіріп келеді. Ақтөстің аф-аф деп үргенінен қасқыр қаша жөнеледі. Талғат оның көмектескеніне риза болады. Содан кейін Талғат Ақтөспен жақсы дос болып кетіпті.
«Жыл он екі ай» журналынан
• Мәтіннің атына назар аудар. Ол негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дәлелде.
• Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрысын анықта:
• Ақтөстің пайдасы бар.
• Ит үйді күзетпейді, пайдасыз.
• Ақтөс Талғатқа көмектеспеді.
• Талғат оған қатты ренжіді.
• Ит пен адам дос бола алмайды.