Э дыбысы

16. Мәтінді оқы.

  ЭКСПО – бүкіләлемдік көрме. Ол ең алғаш Ұлыбританияда өткен.
  ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның ірі жобаларының бірі. Бұл ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме болды.
  Көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Көрменің аумағында күн сайын әр алуан іс-шаралар өткізілді.
  Оның бәрі эфирден көрсетілді.

Мәтін не туралы?
Сұрақтарға жазбаша жауап бер:

1. ЭКСПО неліктен бүкіләлемдік көрме деп аталды?
2. ЭКСПО-2017 көрмесі қайда өтті?
3. Көрменің тақырыбы қалай аталды?

Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді тауып жаз. Бұл сөздердің мағынасын дереккөздерден қарап біліп ал.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбында болжам жаса және топта талқыла.

  Э – дауысты дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде және сөздің басында кездеседі: эфир, эскалатор, экипаж.

17. Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жаз.

Эрмитаж, эстрада, экскаватор, эстафета.

Өзің э дыбысы бар бірнеше мысал айт. Сол сөздердегі э дыбысын е дыбысы бар сөздермен салыстыр.

18. Көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Көшеде …лектр шамы жарқырайды. 2. Ұшақ …кипажсыз орнынан қозғалмайды. 3. Балаларға …стафета ойнау қызық болды.

Э дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

19. «Шынықсаң, шымыр боласың» эстафета жарысына құттықтау сөз дайында.
Ол үшін келесі беттегі сурет пен сызбаны пайдалан.

Құттықтау сөзі шығу үшін, шар ұстаушылардың орнын қалай өзгерткен дұрыс?
Шарлардағы сөздерді пайдаланып, мына сызбаны толықтыр.

×
×

Корзина