Ч, щ дыбыстары

31. Кестедегі сөздерді оқы.

Ш

Шағала, шаңғы, шана, оқушы, шаш.

Щ

Щётка, щи, плащ, борщ.

Ч

Чемпион, чек, карточка.

Ш, щ, ч дыбыстарын жеке-жеке айтып, өзара салыстыр. Бұл дыбыстардың әртүрлі айтылуы неліктен деп ойлайсың?
Ш, щ, ч дыбыстары сөздің қай жерінде келетінін айт.
Кестедегі сөздердің мағынасын түсіндір.

32. Өлеңді мұқият тыңда.

Пиязды ашшы дейміз бе,
Әлде ащы дейміз бе?
Есікті ащы дейміз бе?
Әлде ашшы дейміз бе?

«Ашшы», «ащы» дегеннің
Мәнін ашып берер кім?
«Құйрықты щ» жөнінде
Көңіл қой да, мынаны ұқ:
«Ащы», «тұщы» сөзінде
Қолданылар бұл әріп.

Өтепберген Ақыпбекұлы

Өлеңде не туралы айтылған?
Өлеңдегі сұрақтарға жауап беріп көр.
Ащы, ашшы сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстырып, өзің тұжырым жаса.
Щ әрпі қай сөздерде жазылады екен?
Өлең мазмұнына өз пікіріңді жаз.

33. Мәтінді оқы.

  Чукчалар Чукот түбегінде тіршілік етеді. Олардың өз тілінде бұл өңір «Чау-чу» деп аталады. Қазақша «бұғылы жер» дегенді білдіреді. Шынында да, бұл өңірде бұғы өте көп. Бұғыны чукчалар көлік ретінде пайдаланады.

«Негеш» энциклопедиясынан

Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз. Ч әрпі бар сөздердің астын сыз, олардың жазылуын есте сақта.
Чукчалар туралы энциклопедиядан қарап біліп ал.

  Ч, щ – қатаң дауыссыз дыбыстар. Олар өзге тілден енген сөздерде кездеседі: чех, чемпион, плащ, борщ. Щ дыбысы қазақ тілінде ащы, түщы сөздерінде ғана қолданылады.

34. Өлеңді оқып, сұрақтың жауабын айт.

Чемпион болып бокстан,
Көтерілдім тұғырға.
Көрді әлем биіктен
Қазақстан туын да.
Бұл қайсы әріп?

Өлең не туралы? Мазмұнын өз сөзіңмен айт.
Чемпион деп кімді айтады?
Қандай чемпиондарды білесің?
Қазақстаннан шыққан әлем чемпиондары жайлы ақпарат жина.
Чемпион болу үшін не істеу керек деп ойлайсың? Өз ойыңмен бөліс.

35. Мәтінді тыңда.

1. Сызбаның көмегімен сұрақтарға жауап беріп көр.

Жақсы мен жаман

  Диқан атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Гүл күннен-күнге тамыр жайып,гулеп өсе берді.
  Бір күні:
  – Әй, сен көп асқақтама! Әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, – деген дауысқа жалт қараса, төменде ұсқынсыз тырбық шөп басын қылтитып тұр екен.
  Гүлдің көңілі ортайып, жабырқап қалды. Бірте-бірте солып, сарғая бастады. Амалсыз жанындағы өзінен жасы үлкен гүлге басын сүйеді.
  – Жабырқама! Сабыр ет! – деп жұбатты ол. – Адамдар оны «арамшөп» деп атайды.Одан әлі-ақ құтыламыз. Жамандардың өмірі қашан да қысқа. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой.
  Үлкен гүлдің айтқаны рас болды. Ертеңіне адам келді де, арамшөпті тамырымен бірге жұлып тастады.
  Гүл қайтадан құлпырып өсті. Көп сырды ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.

Балтабай Әділовтан

Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңмен пікірлес.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» мақалы бойынша өзіңше ой тұжырым жаса.
Мәтінге жоспар құр.
Құрған жоспарың бойынша мазмұндама жаз.

36. Мақалды көркем жаз.

Ащыны білмеген тәттіні де білмейді.

Мақалдың мазмұнын қалай түсінгеніңді айт.

37. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Аспаз бор… пісірді. 2. Тісті күніне екі рет …еткамен тазалау керек.

38. Құрамында ч, щ дыбыстары бар сөздер тауып айт. Ч дыбысы барсөздерді
 себетке, щ дыбысы бар сөздерді жәшікке орналастыр.

×
×

Корзина