Ұтымды жауап
Болашақ суретші бала бір күні: «13 жыл қой бақтым. Енді оқимын. Таяқ қуат болса да, мұрат емес», – деп, Жаркентке жаяу кетеді.
Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын-тебен* табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алатын. Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде оқу іздеп, Алматыға жол тартады. Оның небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Николай Гаврилович Хлудовқа салған суреттерін көрсеткенде, ол баланың өнеріне қайран қалыпты. Сурет салуды қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен,
Ешкімнің мүйізінен», –
деп жауап берген екен.
Әміртай Бөриевтен
• Мәтін кім туралы?
• Ә. Қастеев туралы не білесің?
• Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?
• Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?
• Мәтіннен туынды сөздерді тап.