Тұрлаулы мүшелер

17. Оқы. Сөйлемдерді сызбамен сәйкестендір. Қай сызба қай сөйлемге сәйкес келетінін түсіндір.

Қарлығаштар ұшты.

Жаңбыр жауды.

Бұл сөйлемдегі сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

18. Мәтінді түсініп оқы.

  Отырар – көне қала. Қаланың қалдығы Отырартөбе деп аталады. Бұл жерде қыш ыдыстардың қалдықтары көп.
  Отырар қаласында ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған.
  Отырарда сәулетті сарайлар мен мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары көптеп кездеседі.

Ғаламтордан

Мәтінде қандай қала туралы айтылған?
Қарамен жазылған сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тап. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

19. Ребусты шеш. «Қала» сөзінен екі сөйлем құрап жаз. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын.

• Бір сөздің екі сөйлемде екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқару себебін түсіндір.
 Екінші сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

20. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бастаушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны тұрлаулы мүшелерге талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан оқушының пікіріне «Кім келіспейді?» деген сұрақ қояды. Келіспегендер өз пікірлерін дәлелдейді.
Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушы болады.

1. Арман Конгресс-холға бармақшы. 2. Апасы Түркістанда тұрады. 3. Ол таңертең Баянауылға соқты. 4. Біз Астананы араладық.

×
×

Корзина