Алматыдағы Абай атамыздың ескерткішінің авторы – Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев.
Ұлы Отан соғысы жылдары республикамыздың үкіметін басқарған Нұртас Оңдасынов Қостанай облысын іссапармен аралай жүріп, Ұзынкөлге де соғады. Аудан басшысының кабинетінде сазбалшықтан жасалған әртүрлі мал пішіндеріне көзі түседі. «Мұны жасап жүрген кім?» дейді бірден. Сөйтсе, олардың иесі Хакімжан есімді балаң жігіт екен. «Оқуға жүр» дейді. Ол үйде жұмыс істейтін өзі ғана екенін, анасы мен жас бауырларын тастап кете алмайтынын айтады. Нұртас аға Алматыға оралысымен Хакімжанның отбасына мемлекет тарапынанжағдай жасатып, өзін Мәскеу көркемсурет училищесіне оқуға жібертеді.
Хакімжан аға мүсін өнерінің хас шебері еді.
Тілеуберді Меңдешұлынан
• Мәтін кейіпкері саған ұнады ма?
• Оның қай қасиеті ұнады?
• Хакімжан ағаны «мүсін өнерінің хас шебері» деп неліктен айтады? Өз ойыңмен бөліс.
• Х. Наурызбаевтың мына ескерткіштерден басқа тағы қандай мүсіндік шығармалары барын білесің?