Сөйлем мүшелерінің байланысы

29. Мәтінді түсініп оқы.

  Мен – Астана қаласының кішкентай тұрғынымын. Астана өте әдемі. Қалада неше түрлі ойын-сауық орталықтары бар. Сәулетті ғимараттар өте көп. Өскенде туған қаламның өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

«Жыл он екі ай» кітабынан

Мәтін не туралы? Оған ат қой.
Астанадағы сәулетті ғимараттар туралы білетініңді айт және оларды дереккөздерден қарап толықтыр.
Сызба арқылы сұрақ қойып, өзара байланысқан сөздер тобын тап.

Орфографиялық Сөздік

ойын-сауық

  Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады.

30. Мәтінді көркем жаз.

Астана – еліміздің ордасы. Маған өз қалам өте ұнайды. Астана қаласы күн сайын көркейіп өсіп келеді.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
Мына сызбаға қай сөйлем сәйкес келетінін айт.

31. Сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін тауып жаз.

32. Тақырыбы бойынша өлең мазмұнын болжа. Сонан соң өлеңді оқы.

Құрылысшы

Қолда темір қалағым,
Саздан сарай қаладым.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.

Шекербек Садыханов

Ал сен өз қалаңа қандай сәулетті ғимараттар салар едің?

33. Көңіл қойып оқысаң, екі жолдан тұратын мақал шығады. Сол мақалды тауып жаз.

Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сызып көрсет.

34. Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.

Шыққан сөз туралы не білетініңді айт.

35. Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай мәтін шығатындай етіп жаз. Мәтінге ат қой.

  1. Жандос пен Гүлназ коньки теуіп жүр.
  2. Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.
  3. Айжан мұнда бірінші рет келген еді.
  4. Балалар мұзайдынға келді.
  5. Оған достары көмектесті.

Медеу мұзайдыны сәулет өнеріне жата ма? Ойыңмен бөліс.

×
×

Корзина