Көшбасшы қандай болуы керек?

СЕН:
– көшбасшы деген қандай болатынын білесің.
– көшбасшының жеке қасиеттерін анықтайсың.

Есіңе түсір!

  Өткен сабақта біз сыныптағы өзін-өзі басқару туралы қайталадық, мектептегі өзін-өзі басқару туралы айттық.
  Кез келген оқушы мектептегі кеңестер алқасының мүшесі бола ала ма? Неге?

  Топтың, кеңестің жұмысына қатысу арқылы оқушы белгілі бір дәрежеге ие болады. Әр топтағы адамдардың дәрежесі де әртүрлі болуы мүмкін. Біреулердің дәрежесі жоғары, біреулердікі төмен. Оқушы біреулердің тілін алып, тапсырмаларын орындаса, біреулердікін орындамайды. Сол себепті, топтардың белгілі бір көшбасшысы болуы керек.

  Жұппен жұмыс істей отырып, сұрақтың жауабын айтыңдар: Көшбасшы деген кім? Өз жауаптарыңды сынып болып талқылап, ортақ анықтама беріңдер.

Жұптық жұмыс

  Бір ғана адамның әртүрлі топта өзін әрқилы ұстайтынын сен байқадың ба? Мәселен, Ақмарал үйінің ауласындағы достарының ортасында өзінің көшбасшы екендігін байқатып, қатарластарының арасында ойын ұйымдастыра алады. Ақмаралдың бастамасына ілескен балалар кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналарға арнап аулада ертегілер көрсетеді. Ал сы- ныпқа келгенде ол тұйық мінез танытады. Бұл жағдай уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Сен қалай ойлайсың, Ақмаралды көшбасшыға лайық деуге бола ма? Лайық болса, себебін түсіндір. Ол неге әр ортада өзін әртүрлі ұстайды? Ойындар ұйым- дастырып, жұрттың алдына шығып, қойылымдар көрсетуге дайындалған кезде Ақмаралдың бойында қандай қасиеттер байқалады? Сенің ойыңша көшбасшының бойында қандай қасиеттер болуы тиіс? Өзіңнің көргендеріңді айтып, мысалдар келтір.

Кластер құрастырыңдар

Жұппен жұмыс жасай отырып, «Көшбасшының қасиеттері» кластерін құраңдар. Көшбасшының портретін жасап, оның бойында болуға тиісті бес қасиетті сипаттаңдар. Құраған кластерлеріңді сыныптастарыңмен талқылаңдар. Салыстырыңдар. Айырмашы- лықтары бар ма? Неге? Сендердің кластер лерің дұрыс екенін дәлелдеңдер.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Өз бойыңдағы көшбасшылық қасиеттерді жетілдіруге бола ма?
Бәріне бірдей көшбасшы болу қажет пе? Неге?
Топтың, сыныптың жұмысы үшін көшбасшы жауапты деуге бола ма?
Оқушылардың көшбасшылық қасиеттері мектептегі өзін-өзі басқару жүйесіне, кеңестер алқасының жұмысына қалай көмектеседі? Кластер құрастырыңдар

×
×

Корзина