Қазақ халқының арғы тегі

СЕН:
– қазақ халқының ата-бабалары кімдер болғанын білесің.
– қазақтардың шығу тегін сипаттауды үйренесің;
– сақтар, ғұндар, түркілер мен қазақтардың арасындағы байланысты талқылайсың.

Есіңе түсір!

Қазақтардың арғы бабалары кімдер екенін айт. Ол халықтардың тарихы туралы не білесің?

Отбасы бюджеті – бұл әдетте кесте түрінде бір айға жасалатын отбасылық кірістер мен шығыстардың есебі, отбасылық баланс екенін білесің.

  Біз қазақтардың ертедегі шығу тегіне сапар шегетін боламыз. Өткен замандарда адасып кетпес үшін уақыт пен кеңістікте дұрыс бағдар таба білуіміз керек. Сапар барысында бізге уақыт тізбесі мен тарихи карта (131-бет) көмектеседі.

Уақыт тізбесімен қалай жұмыс істейміз?

  Әлемнің көптеген елдері жыл санауды Иса пайғамбар туған уақыттан бастайды. Христиандардың пікірінше, христиан дінінің негізін қалаушы Иса Мәсіх өмірге келген жыл бастапқы күні саналады. Содан кейін болған оқиғалар біздің дәуірімізге жатады. Ал оған дейін болған оқиғаларды біздің дәуірімізге дейін деп айтамыз. Біздің дәуірімізге дейінгі ға- сырлар мен жылдар санағы азая береді. Мысалы, VII ғасырдан кейін VI ғасыр, одан соң – V ғасыр және т.т.
  Тарихта ғасырлар – рим сандарымен, жылдар – араб санда- рымен белгіленеді.

БІЗДІҢ ДӘУІРІМІЗГЕ ДЕЙІН

БІЗДІҢ ДӘУІРІМІЗ

сақтар

ғұндар

түркілер

қазақтар

Уақыт тізбесімен жұмыс істейміз

Уақыт тізбесі бойынша Қазақстан аумағында қай халықтың өзгелерден бұрын өмір сүргенін анықтаңдар. Сақтар мен ғұндар қай ғасырларда өмір сүрді? Түркілер қай ғасырдан бастап Қазақстан аумағына қоныстанды?

Сұрақтар мен тапсырмалар

Тарихта қандай уақиғалар болғанын біз көбінесе тарихи карталардан оқып танысамыз. Тарихи карталар (қосымша 131-бет) бізге не жайлы айта алады?

  Сақтар, ғұндар мен түркілер – қазақ халқының арғы ата-бабалары.
  Біздің бабаларымыз ат құлағында ойнаған шабандоз әрі сайыпқыран сарбаздар болған. Олар көшпелі малша- руашылығымен айналысып, жыл маусымдарына қарай мал жайылымдарын ауыстырып отырған. Халықтың бір бөлігі егіншілікпен де айналысқан. Сөйтіп, Сырдария өзені мен Жетісу маңында қалалар пайда болған. Қалаларда қолөнер шеберлері мен саудагерлер тұрған.
  Қолөнер шеберлері түрлі әшекей бұйымдарын жасаған. Бұл – атадан балаға мұра болып, жалғасын тауып келе жатқан кәсіп.

Салыстырып, қорытынды жаса

  Сенің алдыңда ғұн зергерлерінің полихромдық стилінде жасаған заттары мен қазақтың зергерлік бұйымдары бейнеленген. Бұл әшекей бұйымдардың ұқсастығы қандай белгілері арқылы байқалады?

Ғұндардың
зергерлік
бұйымдары

Алқа (әйелдердің кеудеге тағатын әшекейі)

Сақина

Қазақтардың
зергерлік
бұйымдары

Кеудеге тағатын әшекей

Жүзік

  Халықтардың материалдық мәдениетіндегі ұқсастық олардың кәсіптерінде ғана емес, өнер туындыларында да байқалады.
  Біздің бабаларымыздың киімдеріндегі айырмашылықтарға қараңдар. Олардың дәстүрлі киімдері өмір салтына қарай бейімделгенін сендер байқауларыңа болады.
  Тігінші шеберлер киімдерді атқа мінгенде ыңғайлы, қыстың суығында жылы және жазда салқын әрі жеңіл болатындай етіп тіккен. Киімдерге салынған өрнектер ұлт дәстүрін айшықтай- тын оюлармен безендірілген.

Сақтар

Ғұндар

Түркілер

Қазақтар

Өздік жұмыс

Сақтардың, ғұндардың, түркілердің шаруашылығы мен мәдениетін салыстыр. Қорытынды жаса.

Сақтардың, ғұндардың, түркілер мен қазақтардың арасын-
дағы байланысты сызба түрінде бейнеле немесе суретін сал.

Шығармашылық жұмыс

Өздік жұмыс

Ежелден Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай көптеген тайпалар басып өткен. Қазақстанның физикалық картасынан не себепті бұл жолдармен өткенін дәлелде.

×
×

Корзина