Қандай кәсіби мерекелер бар?

СЕН:
– кәсіби мерекелердің тарихын білетін боласың.
– кәсіби мерекелердің тарихын шығар- машылық тұрғыдан бағалауды үйренесің.

Суреттерге қара. Оларға ортақ не бар екенін айтып бер.

  Мейлі мұғалім, экономист, аспаз, дәрігер немесе құрылысшы болсын, кез келген кәсіп өзінше маңызды әрі қызықты болады. Әр кәсіптің өз жетістігі бар. Кәсіптің абыройлы болуы адамның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Егер ол шығармашылықпен еңбек етіп, сүйікті жұмысына бар күшжігерін жұмсаса, қоғамда сый-құрметке бөленеді.
  Бүгінгі таңда әр алуан кәсіп түрлерінің кәсіби мерекелері бар. Олар еліміздің тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар ол мерекелердің өздерінің де тарихы болады. Мәселен, құрылысшылар күні, геологтар күні, мұғалімдер күні, медицина қызметкерлерінің күні тәрізді кейбір кәсіби мерекелер Кеңес Одағының тұсында пайда болған. Кейбір мерекелер еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін белгіленген. Олар – полиция күні, экологтар күні, ұлттық валюта күні секілді мерекелер.
  Еліміздегі кәсіби мерекелер ресми түрде демалыс күндері деп саналмайды. Алайда кәсіби мерекелік құттықтау тілектерін есту және өзінің әріптестеріне жылы лебіз білдіру үшін адамдар айтулы күнді асыға күтеді

Оқы, салыстыр!

  Ұстаздар күнінің аталып өту тарихын оқы. Отбасыңдағы аға ұрпақ өкілдері кезінде өздерінің ұстаздарын қалай құттықтаған? Қазір сен мұғалімдерді қалай құттықтап жүрсің, салыстырып көр. Неліктен барлық уақытта ұстаз еңбегі үлкен құрметке ие болады?

Мұғалімдер күнінің тарихынан

  КСРО күнтізбесінде мұғалімдердің кәсіби мерекесі 1965 жылы пайда болған. Қазан айының бірінші жексенбісі мереке күні ретінде белгіленген. Сенбі күні, мереке қарсаңында, кеңестік оқушылар қолдарына гүлшоқтарын ұстап сабаққа баратын болған. Сыныптарды түрлі түсті шарлармен және қабырға газеттерімен безендірген. Оқушылар ұстаздарына арнап құттықтау хаттарын жазған, ән айтып, өлең оқылатын және көңілді концерттік қойылымдар көрсетілетін. Бүгінгі оқушылакеңестік замандағы ізгі дәстүрлерді ұмытпайды. Өздерінің ата-аналары сияқты олар да мереке күні мектепке гүлшоқтарын әкеледі.

Өздік жұмыс

1. Сауалнама жүргіз:
Сенің ата-анаң қандай кәсіби мерекелерді атап өтетінін сұрап біл.
Олар қайда жұмыс істейді? Олардың кәсіптері қандай? Олар өздерінің жұмысын жақсы көре ме? Қандай кәсіп ерекше қызықты?
2. Біздің елімізде аталып өтілетін кәсіби мерекелердің
күнтізбесін жаса.

Мемлекеттік және кәсіби мерекелерді салыстырыңдар. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Суреттерге қараңдар. Мерекені қандай кәсіп иелері атап өтетінін анықтаңдар.

Кәсіби мерекелердің біріне арнап құттықтау хатын ойластырыңдар. Сыныпта сондай хаттардың байқауын өткізіңдер.

Шығармашылық жұмыс

Бақылау, зерттеу

  Сен теміржолшы, ұшқыш, электрші, фотограф мамандықтары қашаннан бері болғанын зерттеп көр.
  Бұл мамандықтардың қандай техникалық жетістіктерге байланысты пайда болғанын айт. Ол мамандықтар бүгінде бар ма?

Сен білесің бе?

  Техника, технология жаңарған сайын өмірге үлкен жаңалықтар енуде. Көптеген мамандардың жұмысын робот атқаратын замандар келе жатыр. Сен енді робот құрастыру техникасын жасауды үйірме сабақтарында үйренесің. Оны білу үшін «Ақпараттық технология», «Математика», «Физика» пәндерінен білімің терең болуы керек.

×
×

Корзина