ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Менің киімдерім

1. Мысалды түсініп оқы.

Көйлек хикаясы

Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.

Алаөкпе боп ес кетіп,
Етек, жеңі бос кетіп,
Арман үйге алқынып,
Оралады кештетіп.

Аппақ көйлек көк болған,
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң, шөп қонған.

Бірден бәрін байқаймыз.
Байқап, басты шайқаймыз.
Болған жайды айтады
Ақырындап айқайсыз:

– Қуып едім көбелек,
Бөгет болды бөгелек.
Іліп кетті ербеңдеп,
Етегімді ебелек.

– Ал көйлегің неге көк?
– Көк болған соң керемет.
Жарасып тұр емес пе?!
Ағараңдап не керек?

Қысылмайды, күлмейді,
«Бояғаным – бұл», – дейді.
Анасының күнде кір
Жуатынын білмейді.

Абдырахман Асылбеков

2. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

3. Көбелек, бөгелек, ебелек. Суреттерде не бейнеленген?

4. Өлеңдегі баланың іс-әрекетіне баға бер. Сен оған
киімін күтіп кию туралы қандай кеңес берер едің?

5. « Кім жылдам?» ойыны. 1 минутта киімдерді топтастыр да,
оларға жалпы атау бер.

6. Қандай түсті киім кигенді ұнатасың? Неліктен?
Жақсы көретін киімің туралы әңгімеле.

7. Мысалдан қандай үлгі алдың? Үш сөйлемнен тұратын ой толғау жаз.

Атамұра

×
×

Корзина