Әкем маған ататегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. – Мен Момыштың ұлымын. – Момыш – кімнің баласы? – Момыш – Имаштың баласы. Осылайша, жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ, ең алдымен, атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы, ең алдымен, осылай басталатынын ол кезде кім білген.