Қағылды зор қоңырау, күмбірледі, Аралап айлық жерді, күндік жерді. Ілесіп сол қоңырау үніменен Қазақтың даласына білім келді. Кім қаққан, аты-жөні кім қоңыраушының, Даланың дүбірлеткен қойнау, шыңын!
Қалың ел, қара қазан, сары баланың Қашағы арын, қамын ойлаушы кім? Сол сұрақ қоңырауға қосып үнін, Бар қазақ аспанында ұшты бүгін. «Ыбырай!», «Ыбырай!» деген жалғыз есім Туған жер таза ауасын, құшты қырын.
Ғафу Қайырбеков
3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.
Ғафу Қайырбеков – ақын
Ғафу Қайырбеков (1928–1994) Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. Оның «Дала қоңырауы» атты поэмасы бар. Онда Ы. Алтынсарин бейнесі сипатталған.
4. Ы. Алтынсарин туралы мәлімет жина.
5. Мынадай топтарға бөлініп, Ы. Алтынсарин туралы сөйлеуге дайындалыңдар.