Аналар мерекесі

Тақырып пен негізгі ойды анықтайсың.Сурет салып және әдемі сөздер жазып, құттықтау хат әзірлейсің.

1. Сөзжұмбақты шеш.

1. … – бәйтерек,
2. … – бұлақ,
3. … – жағасындағы құрақ.

2. Осы нақыл сөзді қалай түсінесің? Ойыңды сурет түрінде ұсын.
Қызылмен белгіленген жолақтағы ұғымға қатысты 5 сөз ойластыр.

3. Өлеңді тыңда.

Ардақты ана

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ержеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

Әнуарбек Дүйсенбиев

Орфографиялық Сөздік

ана
Аналар мерекесі
аяулы ана
ардақты ана

4. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Әнуарбек Дүйсенбиев – ақын

  Әнуарбек Дүйсенбиев (1931–1979) Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында туған. Балаларға арналған «Қайырлы таң, балалар», «Кім ерте тұрады?» атты ертегілер мен өлең жинақтары бар.

5. Өлеңге сүйеніп жаз және дауыстап оқы.

1. Түсініп оқы. Өз сөзіңмен әңгімеле.

Қуаныш

  Роза биыл ғана мектеп табалдырығын аттады. Бір күні сабақтан келсе, үстел үстінде күнтізбенің жыртылған беті жатыр. Есіне түсе кетті. Бұл күн – анасының туған күні. Сондықтан анасы жұмыстан келгенше сыйлық әзірлеуді ойлайды.
  «Не сыйлауға болады?» деген ой мазалай берді. Әрі ойлап, бері ойлап, кітап пен айна алуға тоқтағанда, ақшасы жоқ екені есіне түсті.
Енді не істеу керек? Ол соны ойлай жүріп, үй ішін жинады. Заттарды айнадай етіп, ысқылап сүртті.
  Шаршаған Роза диванға жатып еді, лезде ұйықтап кетті. Ұйықтап жатып, түс көрді. Түсінде ол анасына бар сырын ақтарды. Өзінің ақша таба алмай қынжылғанын, үйдің ішін ретке келтіргенін айтты. Ойына келгенді бүккен жоқ.
  Күлімдеген анасы:
  – Бүгін сабақтан қандай баға алдың? – деп сұрады.
  – Екі бес, ана.
  – Міне, тамаша сыйлық! Менің туған күніме мұнан артық сыйлық бола ма екен, қарғам-ау!
  Анасы бетінен сүйді. Роза қуанып кетті.
  – Ана, ренжімейсіз ғой, ә. Онда туған күніңізбен құттықтаймын, ана!
  Осылай дей бергенде, Роза оянып кетті. Қараса, анасы бас жағында отыр. Түс көргенін айта бастап еді, бәрін сезген анасы жымиды да:
  – Қызым-ау, үй-ішіне қолғабысыңды тигізіп, әрі сабақты жақсы оқығаныңнан асқан сыйлық бар ма анаң үшін! – деп, оның басынан сипады.
  Роза түсінің шындыққа айналғанына қуанды.

Әбді Шынбатыров

7. Розаның анасына деген сыйлығы туралы пікіріңді білдір. Өзің анаңа, жақындарыңа не сыйлар едің?

8. Анаңа, жақындарыңа арнап, құттықтау хат әзірле. Үйренген сөздеріңді қосуды ұмытпа.

9. 120-беттегі «Ардақты ана» өлеңін жаттап ал.

×
×

Корзина