Үйдегі гүлдер өзара таласып қалды.
– Ең әдемі гүл менмін! Ең бірінші өсіп шығып, көктем келгенін хабарлап, елді қуантамын! – деді Бәйшешек.
– Жоқ! Ел мені жақсы көреді. Өйткені менің екі бірдей көйлегім бар, – деді Бақбақ қарсыласып.
Жандарына келген үй иесі:
– Таласпаңдар! Сендердің бәрің де әдемісіңдер! Иістерің де керемет. Бәрің қатар тұрғанда әдеміленіп, иістерің адамдарға қуаныш сыйлайды, – деді.
Содан бері гүлдер таласпайтын болыпты.