Фонетика әлеміне саяхат

· Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеуді;
· тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын айтуды үйренемін.

  «Фонетика» сөзі грек тілінен алынған. Қазақша «дыбыстық», «дауыстық» деген мағынаны білдіреді. Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Ол өз нысанын тілдік қана емес, дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау жүйесін (артикуляциясын), дыбыстың айтылуын (акустикасын), естілуін (перцепциясын) қарастырады.

1. Ертегіні оқу барысында жақша ішіндегі тапсырмаларды қимылмен қоса орындап көр.

Дыбыстар патшалығы

  Әлдебір патшалықта немесе мемлекетте емес, тура сенің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі қандай әдемі! (Аузыңды аш. Әне, көрінді.) Үйдің төбесі бар. (Тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде. Таптың ба?) Бұл үйдің едені дегеніміз – төменгі таңдай, есігі – еріндер. Есік бекем болуы үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар. (Ол – сенің тістерің.)
  Үйдің ішіне бір айдаһар кіріп кетпегенде, бәрі жақсы болар ма еді, қайтер еді? (Тіліңнің ұшын қимылдат.)
  Айдаһар өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кейбір дыбыстарды емін-еркін өткізіп жіберді. Мысалы, [а], [ә], [о], [ө] … дыбыстары еріннен, яғни есіктен еркін шығып жатты. Олардың үстіне киіп алған қызыл көйлектері бар. Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер жасап, есікті жауып қояды [м-м-м]. Ол [т] дыбысын төбеге жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе пырылдауға [п], біресе ысқыруға [с] немесе қырылдауға [қ] мәжбүр етеді. Біресе итше ырылдайды [р]. (Дауыстап көр. Көзің жетті ме?)
  Бұл дыбыстар ауыздан емін-еркін шыға алмайды. Сондықтан да олар үстеріне көк көйлек киіп алған. Дауыс- сыз дыбыстар көк түспен берілетіні сондықтан. Ол сендерге 1-сыныптан бері белгілі: а – , р – .

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналынан

2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы ертегі немесе жағдаяттық тапсырма құрастырып көр.

3. Зерттеу жүргіз: «Әдебиеттік оқу» оқулығынан кез келген өлеңді ашып оқы.

Өлеңде буын үндестігіне бағынбайтын сөздер кездесе ме? Анықта.
Өлеңнен айтылуы мен жазылуында өзгешелігі бар сөздерді тап. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Өлеңнен сөздердің аралығындағы дыбыс үндестігін тауып көр.

4. Құрастырған ертегіңді немесе жағдаяттық тапсырмаңды сынып алдында қорғауға дайындал.
Дыбыс үндестігі мен буын үндестігі бойынша жүргізген зерттеуіңнің қорытындысын жаса.

×
×

Корзина