Өмірбаян жазамын
Дауыссыз к мен г

33. Мәтінді тыңда.

  Менің атым – Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
  Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. «Туу куәлігінің» өзінде солай деп жазылған. Бірақ бертін келе Қожаберген сөзі қысқартылып, Қожасы ғана қалды.
  Тегім – Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқан соң, мен де «Қадыровқа» қайтып келдім.

Бердібек Соқпақбаевтан

Орфографиялық Сөздік

өмірбаян

•  Мәтінде кім жайында айтылған?
•  Қожа туралы тағы не білесің?
•  Мәтінге ат қой.
•  Қожаның өмірбаянын өзің жалғастырып көр.
•  Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған деп ойлайсың?

Әркімнің өз өмірбаяны болады. Өмірбаян – адамның өзі туралы нақты мәлімет. Онда дүниеге қашан және қай жерде келгені, қайда оқитыны және отбасы туралы қысқаша баяндалады.

34. Сөйлемдерді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.

Менің тегім – … . Атым – … . Туған жерім … . Мен … сыныпта оқимын.

•  Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгерген деп ойлайсың?

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыскелсе, ол г-ге айналады: түлек – түлегі, серік – серігі, жүрек – жүрегі.

35. Сөзжұмбақты шеш. Бос торкөздерге к дыбысынан басталатын сөздер тауып жаз.

•  К дыбысы қандай дыбыс?
•  К дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр?

36. Бос торкөзге әріптерді сағаттағы сан ретімен орналастырып, мақалды оқы. Шыққан мақалды жаз.

•  Мақалдың мазмұнын түсіндір.

37. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Достық – ұлы туымыз

Дос, бауыр көп,
Тосқауыл жоқ,
Айқара ашық есігі.
Ұлы Отаным,
Гүл Отаным 
– 
Тыныштықтың бесігі. 

Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда,
Құрыштан да
Берік біздің іргеміз.

Әли Ысқабаев

•  Өлең не туралы?
•  Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
•  Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Бұл сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған? Оның себебі неде деп ойлайсың?

38. Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Халқымыздың сенімі,
Жақсылардың сері…і.
…үрестерде шыныққан
Ағаларға мен іні.

Фариза Оңғарсынова

•  К, г дыбыстары туралы білетініңді еске түсір.
•  Өлеңде серік сөзі қандай өзгеріске ұшырағанын айт.

39. Бос торкөздерге тиісті әріптерді қойып, мақалды оқы.

•  К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып оқы.
•  І дыбысын қосып өзгерткен сөздеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

40. Өлеңді тыңда.

Атам мені «құлыным» дейді,
Әжем мені «боташым» дейді.
Әкем мені «шырағым» дейді,
Шешем мені «қозым» дейді,
«Айналайын, жаным!» дейді.
Ал, шынында, мен кіммін?

Рафиқа Нұртазина

•  Өлең не туралы?
•  Өлеңдегі сұраққа жауап беру үшін өз өмірбаяныңды айтып бер.

41. Сөздерді топтастырып жаз.

Бүршік, көлігі, жиек, тірлігі, еңбегі, кірпік, бүйрегі, киік, төсек, үйрегі, көйлегі, түлек.

Орфографиялық Сөздік

бүршік

×
×

Корзина