Астанаға тарту

1-тапсырма. Тыңдау. Талдау. Орындау.

Астана

Өлеңі мен әнін жазған: А. Адиханова

Осы әннің бейнебаянын тамашалап, пікіріңмен бөліс.
• Балалар орындау кезінде әннің көңіл күйін сезімдері арқылы көрсете алды ма?
• Әнді айту барысында балалардың мұғалімді және бір-бірін тыңдау, бірге орындау талаптары және ұйымшылдығы байқалды ма?
• Сен сыныппен бірге ән айтқанда мұғалімнің берген қандай талаптарын орындап жүрсің?
• Бейнебаяндағы оқушылар Астанаға қандай сыйлық жасады?
• Еліміздің бас қаласына сен қандай сыйлық жасар едің?

2-тапсырма. Суырыпсалма.

«Астанаға тарту» (ойын)

  Шарты: Сынып үш топқа бөлінеді. Алдын ала мұғалім оқушыларға тапсырма береді: Астанаға байланысты бейне таспаларды көру, үнтаспа тыңдау немесе кітапханадан қажетті материалдарды қарау.
  Ойын алдында мұғалім оқушылармен бейне таспаны көріп бірге талдайды және ойынның талабын таныстырады. Әр топ Астанаға арнайы сыйлық дайындау керек. «Суретшілер» тобы сурет салады, «Әншілер» тобы бір әнді орындайды, «Бишілер» тобы би билейді. Әр топ дайындаған сыйлықтарына таныстырылым (презентация) жасап, түсінік береді. «Астана» әнінің қайырмасындағы 3-4-жолдарды өзгертіп, мынадай түрде айтады:

«Арманым да сенсің – Астана,
Ардағым да сенсің – Астана.
Әнімді сыйлаймын
Саған ақгүлім – Астана».

3-тапсырма. Зерттеу. Түсінік беру.

«Астана – ән қала» (сөзжұмбақ)

  Шарты: Сөзжұмбақта қала аттары «Астана» сөзін, музыкалық терминдер мен аспап атаулары «ән қала» деген сөздерді құрастырады.

1. Қала аты.
2. Қала аты.
3. Қала аты.
4. Қала аты.
5. Қала аты.
6. Қала аты.

7. Музыка маманы.
8. Музыкалық термин.
9. Музыкалық аспап.
10. Музыкалық аспап.
11. Музыкалық аспап.
12. Музыкалық аспап.

4-тапсырма. Орындау және талдау.

1. «Астанаға тарту» ойынының тапсырмасын қалай орындадым?
2. Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?
3. Таныстырылымымды қалай жақсартар едім?

×
×

Корзина