МЕКТЕП – БҰЛ МЕНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІМ
МЕН СЫНЫПТАСТАРЫМ
Мәтін дегеніміз не?

1. Оқы.

1. Ұстазым, Інжу апай, алғашқы, менің.
2. Мынау – сынып бөлмесі. Айжан кітап оқығанды ұнатады.
3. Сынып бөлмесінің ауасы таза. Оның терезелері үлкен. Әдемі парталар үш қатарға тізіліп қойылған. Мұғалім үстелі мен орындығы бөлменің оң жағында тұр.

Орфографиялық Сөздік

Інжу

•  Салыстыр.
•  Қай қатарда сөздер берілген? Мазмұндық жағынан байланыспаған сөйлемдер қайсысы? Қай сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?
•  Мәтінді көшіріп жаз.

Соңғы қатарда мәтін берілген. Мәтін құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан.

2. Сұрақтарға жауап жаз.

1. Сыныпта қанша оқушы бар?
2. Оның нешеуі ұл бала, нешеуі қыз бала?
3. Сыныптастарың бір-бірімен тату ма?.

•  Жазған жауабың мәтін болып шықты ма? Мәтінің не туралы? Мәтін мазмұнына сәйкес келетін атты таңда.

3. Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті тауып, мәтінді түсініп оқуды жүзеге асыр.

«Сабақ» сөзі нені білдіреді?

  Сынып оқушылары сабақтан қалмайды. Олар – білімқұмар балалар.
  «Сабақ» сөзі араб тілінен енген. Ол «таңертең келу» дегенді білдіреді. Сабақ көбіне таңертең басталатыны сондықтан.

«Сөз сырына саяхат» кітабынан

Орфографиялық Сөздік

білімқұмар

4. Алдымен, содан соң, содан кейін, ең соңында сөздерін пайдаланып
 суреттер бойынша «Мен кезекшімін» тақырыбында мәтін құрап жаз.

Мәтін мазмұн жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.

5. Мұғалім саған түрлі түсті қағаздан гүл жасап келуді тапсырды.
Сен гүл жасау үшін алдымен, содан соң, содан кейін, ең соңында не істейсің?

•  «Гүлді қалай жасаймын?» тақырыбында мәтін құрастыр. «Маған гүл жасауды тапсырды. Алдымен түрлі түсті қағаздарды таңдадым. Содан соң…»

×
×

Корзина