Табиғат – адамды қоршаған дүние. Ол: теңіз бен мұхит, тау мен шөл, өсімдіктер мен жануарлар. Табиғат дамудың нәтижесінде пайда болды. Табиғаттың жанды және жансыз түрі бар.
1. Өсімдіктер мен жануарлар және адамның өзі де жанды табиғаттың нысаны. Олар туралы дүниетану сабағынан не білесің? 2. Жансыз табиғатқа Күн, тау, тас, аспан, жұлдыздар және т.б. жатады. Олар туралы не білесің?
Өсімдіктер мен жануарлардың адам үшін маңызы туралы шағын әңгіме жаз.
Өсімдіктер мен жануарлардың адамға пайдасы көп, сондай-ақ олар өте әдемі. Сен суретші ретінде қоршаған ортадағы әсемдікті байқай білуің керек.
Табиғатты шебер суретші дейді. Оны қалай түсінетініңді айтып бер.