Қазақстан халқы

Біз Қазақстанда қандай ұлттар тұратынын,
олардың достығын оқып білеміз.

Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы деп аталады. Бізде ел президентін халық өзі сайлайды.

Сен білесің бе? 

«Республика» сөзі латын тілінен аударғанда қоғамдық іс деген ұғымды білдіреді.

Қазақтар
Орыстар
Өзбектер
Украиндар
Ұйғырлар
Татарлар

    Қазақстанда әр ұлттың өкілдері тұратынын сен білесің. Олардың саны 130-дан асады. Суретте олардың бірнешеуі ғана бейнеленген.

 Қазақстанда саны жағынан ең көп халық кімдер?

Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?

      Әр ұлттың өз тілі мен мәдениеті бар. Жалпы тіл көпұлтты елді біріктіреді. Ұлттардың барлығы бірігіп
татулығы жарасқан Қазақстан халқын құрайды.

      Біздің еліміз 1 мамыр күні Ұлттар бірлігі мерекесін тойлайды. Бұл достығы мен сыйластығы бар мереке. Қазақстан – көпұлтты халықтардың тіл табыса білуін қалайтын ел.

1. Біздің еліміздің «Қазақстан Республикасы» деп аталу себебі неде?

2. Қазақстанда неліктен көп ұлттар тұрады? Олардың тарихымен таныс.

3. Халыққа не үшін қазақ және орыс тілдері қажет?

Біздің еліміз үшін не себепті әр ұлттар арасында бейбітшілік пен келісім қажет?

Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет. Барлығы бірлігі жарасқан үлкен бір халықты құрайды.

×
×

Корзина